Сабақ

video
play-rounded-fill

Мақсаты:

  • Атомдар мен молекулалардың айырмашылығын түсіну;
  • Қарапайым және күрделі заттарды ажырата білу; 
  • Молкуларлардың құрылымын түсіну.         

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатын етіп бөліңіз.

Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемені басыңыз:

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:

Практикалық бөлім

Қадам 1.

Төменде берілген молекуларлың құрамымен танысып шығыңыз. Молекулалар тек бір түрдегі атомдардан немесе екі не одан да көп түрлі атомдардан құралуы мүмкін.

Су – сутектің екі атомы және оттектің бір атомы;

Озон – оттектің үш атомы;

Көмірқышқыл газы – оттектің екі атомы және көміртектің бір атомы;

Йод – йодтың екі атомы;

Тұз – натрийдың бір атомы және хлордың бір атомы;

Этан – көміртектің екі атомы және сутектің алты атомы.

Қадам 2.

Жоғарыда келтірілген мәліметке сүйене отырып, заттардың молекуласыныңың моделін ермексаздан жасаңыз. Бір түрдің атомдары екінші түрдің атомдарынан өлшемі мен түсі бойынша ажыратылуы тиіс. 

Су молекуласы: ермексаздан шар түрінде сутектің екі атомын және оттектің бір атомын жасаңыз. 

Қадам 3.

Оларды суреттегідей етіп сіріңке талдарымен біріктіріңіз. Бұл байланыс су молекуласының моделін білдіреді.

Қадам 4.

Озон молекуласы: ермексаздан шар түрінде оттектің үш атомын жасаңыз.

Қадам 5.

Оларды суреттегідей етіп сіріңке талдарымен біріктіріңіз.

Қадам 6.

Көмірқышқыл газы молекуласы: ермексаздан шар түрінде оттектің екі  атомы және көміртектің бір атомын жасаңыз. 

Қадам 7.

Оларды суреттегідей етіп сіріңке талдарымен біріктіріңіз.

Қадам 8.

Йод молекуласы: ермексаздан шар түрінде йодтың екі атомын жасаңыз. 

Қадам 9.

Оларды суреттегідей етіп сіріңке талдарымен біріктіріңіз.

Қадам 10.

Тұз молекуласы: ермексаздан шар түрінде натрийдың бір атомы және хлордың бір атомын жасаңыз. 

Қадам 11.

Оларды суреттегідей етіп сіріңке талдарымен біріктіріңіз.

Қадам 12.

Этан молекуласы: ермексаздан шар түрінде көміртектің екі атомы және сутектің алты атомын жасаңыз. 

Қадам 13.

Оларды суреттегідей етіп сіріңке талдарымен біріктіріңіз.

Қадам 14.

Кестені жоғарыда келтірілген әртүрлі молекула моделдері жайлы мәліметтерге сүйене отырып толтырыңыз. 

Молекуланың суретін салған уақытта ескеріңіз: Бір түрдің атомдары екінші түрдің атомдарынан өлшемі мен түсі бойынша ажыратылуы керек.

Мысал ретінде судың молекуласы толтырылып көрсетілген. 

АтауыЭлементтеріАтомдар саныСуретіҚарапайым/Күрделі 
СуСутек, оттекСутек – 2, Оттек – 1Күрделі
Азон
Көмірқышқыл газы
Йод
Тұз
Этан

Қадам 15.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз:

  1. Заттар қандай ұсақ бөлшектерден тұрады?
  2. Молекула қандай бөлшектерден тұрады?
  3. Неліктен молекула бір атомнан үлкен екенін түсіндіріңіз.
  4. Қарапайым зат пен күрделі заттың айырмашылығы қандай?
  5. Неліктен барлық молекулалар қарапайым зат емес екенін түсіндіріңіз.

Қорытынды

Бұл сарамандық жұмыс арқылы оқушылар заттардың өте ұсақ бөлшектерден тұратынын түсінді. Заттың қасиетін сақтайтын ең ұсақ бөлшегі молекула болса, сол молекуланың құрылымын зерттеп, ермексаздан олардың моделдерін жасап көрді. Осылайша, атомдар алуан түрде бір-бірімен қосыла отырып, түрлі заттардың орасан зор көлемін түзетініне көз жеткізді.