steam.kz — новый взгляд на практику

STEAM.KZ -
практикаға
жаңа көзқарас

Мектепті жаңғыртатын,
баланы дамытатын жүйе

STEAM.KZ - практикаға
жаңа көзқарас

Мектепті жаңғыртатын, баланы дамытатын жүйе

STEAM жобалар – оқушыларға өмірден алынған тапсырмалар арқылы білім береді. Порталда 200+ жоба бар, олар жаратылыстану, математика, технология және өнер пәндерін біріктіреді. Бұл жобалар балалардың ойлауын, креативін, командалық жұмыс пен коммуникация дағдыларын дамытып, теорияны практикада қолдануға үйретеді

Лабораториялық жұмыстар – оқушылардың ғылымды тәжірибе арқылы меңгеруіне көмектесетін тапсырмалар жинағы. Порталда 137 жұмыс бар, олар физика, химия және биология пәндері бойынша дайындалған. Бұл тәжірибелер оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, ғылыми ойлау мен практикалық дағдыларын қалыптастырады

Виртуалды симуляторлар – оқушыларға күрделі ғылыми құбылыстарды тәжірибесіз, қауіпсіз ортада зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи құрал. STEAM.KZ порталында 135 симулятор бар, олар физика, химия, биология және математика пәндеріне арналған. Симуляторлар арқылы оқушылар тәжірибені қайталай алады, қателесуден қорықпай үйренеді және пәндерді тереңірек түсінеді

Гуманитарлық пәндер – қазіргі уақытта STEAM.KZ платформасында сынақтан өтуде. Бұл бағытта тарих, әдебиет және тіл сабақтарына арналған жобалар дайындалуда. Жақын арада мұғалімдер мен оқушыларға толық қолжетімді болып, гуманитарлық пәндер де тәжірибеге негізделген қызықты сабақтар түрінде ұсынылады

STEAM PBL курсы – мұғалімдерге арналған тәжірибелік бағдарлама.  Офлайн тренингте ұстаздар STEAM және PBL әдістемесін меңгеріп, дайын жобалар мен құралдарды пайдалана отырып, сабақтарды тәжірибеге негізделген форматта өткізуге үйренеді. Нәтижесінде мұғалімдер алғашқы күннен бастап-ақ мағыналы әрі қызықты сабақ жүргізе алады

Робототехника модулі – оқушыларды инженерлік ойлау мен бағдарламалауға баулитын бөлім. Порталда 3 негізгі курс бар: Arduino, LEGO EV3 және SPIKE Prime. Әр курс арқылы оқушылар қарапайым модельдерден бастап күрделі роботтарды жинап, оларды кодтау мен басқаруды үйренеді. Бұл модуль балалардың логикалық ойлауын, шығармашылығын және командалық жұмысын дамытып, нақты өмірлік мәселелерді шешуге дайындайды

STEAM.KZ маңыздылығы

Сабаққа деген қызығушылық азаюда

● Сабақ TikTok-пен жарыса алмайды.
● Оқушылар жалыққан, қызығушылық жоқ.
● Денесі сыныпта болса да, ойы телефонда

XXI ғасыр дағдылары қалыптаспайды

● Түсіну орнына - жаттау
● Практикасыз → ойлау да, креативте жоқ
● 4К тек қағазда ғана бар

Mұғалімдер шаршаған, күш-қуаты таусылған

● Сабақтарды мұғалімдер өздері құрастырады
● Негізгі уақыт есеп беруге кетеді, оқушы екінші орында
● Сабақ – есеп үшін ғана өтетін теория

STEAM.KZ — бұл жаңашылдық емес, бұл — қолданбалы ғылым

Тиімділігі дәлелденген тәсілдерге сүйенеді

Озық педагогикалық жүйелерді қолдау

STEAM PBL сабақ құрылымы

Осы құрылым бойынша сіз де сабақтарыңызды қызықты әрі практикаға негізделген STEAM PBL бағытымен өткізе аласыз!

Бұл қалай жұмыс істейді

Оқыту

1. Мұғалімдерді оқыту

5 сағаттық офлайн тренинг арқылы STEAM сабақтарын практикаға бағыттап өткізуге үйретеміз

Платформаға қосылу

2. Платформаға қосылу

200+ жоба, 137 лаборатория, 135 симулятор және робототехника курстарына қолжетімділік беріледі

ҚОЛДАУ

3. Қолдау

мектепті енгізудің барлық кезеңінде әдістемелік және техникалық сүйемелдеу көрсетіледі

Күтілетін нәтиже

Білім сапасының артуы

Заманауи әдістемелер мен практикалық форматтар оқушылардың үлгерімін және қызығушылығын арттырады
1

Мектеп беделінің өсуі

Практикалық бағыттылық пен әдістемелік қолдау мектепті ата-аналар мен оқушылар үшін тартымды етеді
2

Оқушылардың шынайы өмірге дайындығы

STEAM жобалары сыни ойлау, командалық жұмыс және проблема шешу дағдыларын дамытады
3

Өз ісіне сенімді мұғалімдер

Платформа мен жақсы әзірленген материалдар педагогтарға STEAM-әдістемелерін сенімді түрде қолдануға көмектеседі
4

STEAM.KZ апробациясы

2022 жылы STEAM.KZ командасы Астана қаласындағы BINOM желісінің төрт инновациялық мектебінде зерттеу жүргізді. Бұл зерттеуге 20 000-нан астам оқушы мен 150 мұғалім қатысты. Зерттеудің мақсаты — практикаға негізделген оқытудың оқушылардың қызығушылығына, дағдыларының дамуына және пәнге деген көзқарасына әсерін анықтау. Негізгі нәтижелер:
0 %

оқушы сабаққа белсендірек қатыса бастады

0 %

оқушылардың сыни және практикалық ойлауының артқанын байқады

0 %

педагогтар пәнге деген қызығу-шылықтың өскенін тіркеді

0 %

Шешім қабылдау дағдыларына оң әсер етеді

Сізге ең тиімді шешімді таңдаңыз

Бастауыш
мектеп пакеті

1–4 сынып, 120+ STEAM жобалар
Оқыту (5 сағ., офлайн)
LEGO EV3, LEGO SPIKE және 3D модельдеу курстары
Платформаға 1 жылдық қолжетімділік
20 мұғалімге дейін тіркеу мүмкіндігі
490 000

Мектептің толық
пакеті

1–11 сыныптарға 200+ STEAM жобасы
Оқыту (5 сағ., офлайн)
137+ Зертханалық жұмыстар (физика, химия, биология, жаратылыстану)
135 виртуалды симулятор (физика, химия, биология, математика, жаратылыстану)
Arduino, LEGO EV3, SPIKE, 3D модельдеу курстары
Платформаға 1 жылдық қолжетімділік
40 мұғалімге дейін тіркеу мүмкіндігі
810 000
Танымал пакет

Робототехника
пакеті

Arduino курсы 68 сабақ
LEGO SPIKE курсы 68 сабақ
LEGO EV3 курсы 68 сабақ
Платформаға 1 жылдық қолжетімділік
5 мұғалімге дейін тіркеу мүмкіндігі
Қазақ және орыс тілдерінде
290 000

Біз кімдермен жұмыс істейміз

STEAM.KZ жүздеген мектеппен тексерілген дайын шешім!

Жабық көрсетелім жасау үшін өтінім қалдырыңыз Біз платформаны, оқытуды және қолдауды қамтамасыз етеміз

Scroll to Top