STEAM жобалар – оқушыларға өмірден алынған тапсырмалар арқылы білім береді. Порталда 200+ жоба бар, олар жаратылыстану, математика, технология және өнер пәндерін біріктіреді. Бұл жобалар балалардың ойлауын, креативін, командалық жұмыс пен коммуникация дағдыларын дамытып, теорияны практикада қолдануға үйретеді
Лабораториялық жұмыстар – оқушылардың ғылымды тәжірибе арқылы меңгеруіне көмектесетін тапсырмалар жинағы. Порталда 137 жұмыс бар, олар физика, химия және биология пәндері бойынша дайындалған. Бұл тәжірибелер оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытып, ғылыми ойлау мен практикалық дағдыларын қалыптастырады
Виртуалды симуляторлар – оқушыларға күрделі ғылыми құбылыстарды тәжірибесіз, қауіпсіз ортада зерттеуге мүмкіндік беретін заманауи құрал. STEAM.KZ порталында 135 симулятор бар, олар физика, химия, биология және математика пәндеріне арналған. Симуляторлар арқылы оқушылар тәжірибені қайталай алады, қателесуден қорықпай үйренеді және пәндерді тереңірек түсінеді
STEAM PBL курсы – мұғалімдерге арналған тәжірибелік бағдарлама. Офлайн тренингте ұстаздар STEAM және PBL әдістемесін меңгеріп, дайын жобалар мен құралдарды пайдалана отырып, сабақтарды тәжірибеге негізделген форматта өткізуге үйренеді. Нәтижесінде мұғалімдер алғашқы күннен бастап-ақ мағыналы әрі қызықты сабақ жүргізе алады
Робототехника модулі – оқушыларды инженерлік ойлау мен бағдарламалауға баулитын бөлім. Порталда 3 негізгі курс бар: Arduino, LEGO EV3 және SPIKE Prime. Әр курс арқылы оқушылар қарапайым модельдерден бастап күрделі роботтарды жинап, оларды кодтау мен басқаруды үйренеді. Бұл модуль балалардың логикалық ойлауын, шығармашылығын және командалық жұмысын дамытып, нақты өмірлік мәселелерді шешуге дайындайды
STEAM.KZ маңыздылығы
Сабаққа деген қызығушылық азаюда
● Сабақ TikTok-пен жарыса алмайды. ● Оқушылар жалыққан, қызығушылық жоқ. ● Денесі сыныпта болса да, ойы телефонда
XXI ғасыр дағдылары қалыптаспайды
● Түсіну орнына — жаттау ● Практикасыз → ойлау да, креативте жоқ ● 4К тек қағазда ғана бар
Mұғалімдер шаршаған, күш-қуаты таусылған
● Сабақтарды мұғалімдер өздері құрастырады ● Негізгі уақыт есеп беруге кетеді, оқушы екінші орында
STEAM.KZ- БҰЛ ЖАҢАШЫЛДЫҚ ЕМЕС, БҰЛ- ҚОЛДАНБАЛЫ ҒЫЛЫМ
Тиімділігі дәлелденген тәсілдерге сүйенеді
STEAM әдістемесі
Ғылым мен өнер интеграциясы → білім мен шынайы өмір арасындағы байланыс Бір жоба = биология + физика + технология + математика
XXI ғасырдың 4К дағдылары
Қажетті қабілеттер командада жұмыс, рефлексия және презентация арқылы дамиды Нәтиже: түлек адамдармен және міндеттермен жұмыс істей алады
PBL (Project-Based Learning)
Шынайы өмірдегі міндеттерді шешу → терең түсіну және мотивация Әр сабақ — бұл жоба: өмірден алынған мәселе + командалық жұмыс
МЖМБС тереңірек меңгеріледі
STEAM-жобалар — стандарттарды саналы түрде меңгерудің жолы Сабақ = тәжірибе, нәтиже = түсінік, құр жаттау емес
БҰЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Мұғалімдерді оқыту
5 академиялық сағаттық офлайн арқылы STEAM сабақтарын практикаға бағыттап өткізуге үйретеміз
мектепті енгізудің барлық кезеңінде әдістемелік және техникалық сүйемелдеу көрсетіледі
Күтілетін нәтиже
Білім сапасының артуы
Заманауи әдістемелер мен практикалық форматтар оқушылардың үлгерімін және қызығушылығын арттырады
Мектеп беделінің өсуі
Практикалық бағыттылық пен әдістемелік қолдау мектепті ата-аналар мен оқушылар үшін тартымды етеді
Оқушылардың шынайы өмірге дайындығы
STEAM жобалары сыни ойлау, командалық жұмыс және проблема шешу дағдыларын дамытады
Өз ісіне сенімді мұғалімдер
Платформа мен жақсы әзірленген материалдар педагогтарға STEAM-әдістемелерін сенімді түрде қолдануға көмектеседі
STEAM.KZ апробациясы
2022 жылы STEAM.KZ командасы Астана қаласындағы BINOM желісінің төрт инновациялық мектебінде зерттеу жүргізді. Бұл зерттеуге 20 000-нан астам оқушы мен 150 мұғалім қатысты. Зерттеудің мақсаты — практикаға негізделген оқытудың оқушылардың қызығушылығына, дағдыларының дамуына және пәнге деген көзқарасына әсерін анықтау. Негізгі нәтижелер: