2-сабақ

Теориялық бөлім

Сусыз жануарларда өмір сүре алмайды. Кейбір жануарлар мен  Жердегі тіршілік және сан алуан табиғат құбылыстары сумен

байланысты. Сусыз жер бетіне өсімдік өспейді жануарлар тіршілік ете алмайды. Өсімдік топырақтағы қоректік заттарды суда еріген ертінді күйінде ғана сіңіре алады.

Мысалы: балықтар суда өмір сүреді. Су арқылы өсімдіктер топырақтан қоректік заттар алады.Кейбір, әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктер — мүк, қына көп уақыт сусыз жағдайда қалып, құрғап кеткенімен, келесі ылғал жеткілікті болған кезде қайтадан тіршілігін жалғастыра береді. Сол сияқты кейбір эфемерлер — дераң, т.б. толық қурағаннан кейін, қайтадан ылғал болған кезде, тіршілігін қалпына келтіретіні белгілі болған. Бірақ, өсімдіктің көпшілігі, әсіресе ауылшаруашылық дақылдары тіршілік үшін судың үздіксіз болуын керек етеді. Егер су біраз уақыт тапшы болса,  ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігінің өнімін нашарлатады. Сондықтан өсімдіктің су балансында — өсімдіктің суды жарату мөлшері мен судың ену мөлшерінің ара қатынасында тапшылық /дефицит/ болмау керек.

Өсімдік үшін судың маңызы:

  • Өсімдіктерге сіңетін топырақтағы минерал заттарды еріту
  • Судың өсімдік сабағын бірқалыпты температурадаұстап тұрудағы рөлі.
  • Тургор жағдайын қамтамасыз ету
  • Өсімдіктің сабағындағы өткізгіш жолдар арқылы зат алмасу өнімдерінің вегетативтік органдар арқылы тасымал-дануы.
  • Ассимиляция және диссимиляция процестерін жүргізуші фактор және оларға қажетті материал екендігі.

Зерттеу бөлімі

2 аптада екі түрлі әдіспен суарылып жатқан өсімдіктердің қанша см өскенін, қай уақытта және қанша мл су құйғанын байқап сұрақтарға жауап береміз.

Зерттеу кестесі 1

Тамшылатып суаруДәстүрлі суару
Суару уақыты
Су мөлшері
Өсімдік ұзындығы

Сұрақтары:

  • Егіндерден қандай өзгерістер байқадыңыз?
  • Судың мөлшерін қанша қылып алдыңыздар және суару бойынша айырмашылықтардың өсімдіктің өсуіне әсері?
  • Тамшылатып суару дегеніміз не және пайдасы қандай?
  • Арықтап суару мен тамшылатып суарудың айырмашылығы қандай? 
  • Тамшылатып суаруда болатын физикалық процесстерді сипаттап беріңіз?

Қорытынды

Бұл сабақта оқушылар тұқым отырғызып, өсімдік өсіріп шығарды. Және өсімдіктердің жақсы өсуіне тигізетін қажетті жағдайлар жайлы білді. Тамшылатып сурау жүйесін жасап, зерттеу жұмыстарын жүргізді.

   

Бұл жобада әр оқушы санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:

 – Сіз, тұқым егіп,өсімдік өсіріп шығардыңыз сіз –  нағыз бағбансыз!

 – Сіз, өсімдіктер жайлы зерттеу жұмысын жасап, тамшылатып суару жүйесін жасадыңыз сіз нағыз – биологсыз!

 – Сіз жұппен жұмыс істей отырып,  әріптесіңізді тыңдап және бірге жұмыс істеп, топтық жұмыс дағдыларын дамыттыңыз. Практикалық жұмыс барысында сіз өз шығармашылығыңызды және біліктілігіңізді көрсеттіңіз.

Бағалау