1 апта
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Оқушыларды топтарға бөліңіз;
- Оқушылар «Сандар және амалдар» тақырыбымен таныс болуы керек;
- Қайшымен және картон бұйымдарымен жұмыс істеу бойынша қысқаша нұсқау жүргізіңіз;
Мақсат
- Сандар және амалдар тақырыбын түсінуді жетілдіру
- Логикалық ойлауды дамыту
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік шараларын оқыңыз [ қауіпсіздік ережелері ].
Кіріспе
Пазл – көптеген фрагменттерден сурет жасайтын ойын

Пазлдардың пайдасы:
- Концентрацияның жоғарылауы. Пазлдың дұрыс бөліктерін табу үшін мұқият болу керек.
- Қиялдың дамуы. Пазл суреттерін жинаған кезде біз толық суретті көрмейміз, сондықтан ми жетіспейтін бөліктерді аяқтауға тырысады.
- Логикалық ойлауды дамыту. Пазлдарды құрастыру кезінде олардың реті мен пішінін ескеру қажет [1].
Қолданылған әдебиет:
[1] https://mimigram.ru/blog/chto-takoe-pazly-i-chem-oni-polezny/
Практикалық бөлім
Оқушылармен ойын ойнаңыз. Санды тақтаға жазыңыз. Санның астына оқушылар санды табуға қолдана алатын сандарды жазыңыз. Келесі мысалда 56 саны бар ойын көрсетілген.

Оқушыларға айтыңыз:
Нәтижелері 56-ға тең санды өрнектерді табыңдар. 56 санының астында әрқайсысын өрнекте бір рет қана қолдануға болатын сандар жазылған. Неғұрлым көп амалдар қолдансаңыз, соғұрлым көп ұпай аласыңдар. Әрбір амал түрі үшін сендер бір ұпай аласыңдар. Мысалы, өрнекте қосу және көбейту амалдарын қолдансаңдар, онда бұл үшін екі ұпай аласыңдар.
Жоғарыдағы фотосуретте жауаптар үлгілері көрсетілген (қара маркермен жазылған). Оқушыларды тақтаға шақырып, мысалдарын жаздырыңыз. Оқушыларға тақтадан барлық дұрыс мысалдарды көшіріп алуды айтыңыз (оларды пазлдар құрастыру үшін пайдаланады).
Басқа мысалдарды келесі сілтемеден жүктеп алуға болады [ сілтеме ].
Пазл құрастыру.
1-ші қадам
Суреттерді жүктеп алып түсті принтерде басып шығарыңыз [ сілтеме ]. Әр суреттің артқы жағында сызықтар бар.

2-ші қадам
Оқушыларды 4-5 адамнан тұратын топтарға бөліп, әр топқа бір сурет беріңіз.
3-ші қадам
Әр суреттің артына оқушылардың өткен сабақта жұмыс істеген сандарын жазыңыз. Төмендегі суретте 56 саны бар мысал көрсетілген. Әр топқа әртүрлі сан жазыңыз.

4-ші қадам
Әр топтағы оқушылар парақтың жоғарғы жағында жазылған санды алу үшін төрт өрнекі жазуы қажет.

Әрі қарай оқушылар пазлды жасау үшін сандардың айналасына сызықтар сызу керек.

5-ші қадам
Оқушылар сызылған сызықтар бойынша сызбаны қиюы керек.


6-ші қадам
Әр топ паздарымен алмассын. Енді әр топтың міндеті – элементтерді екінші жағына аудармай, пазлды құрастыру (оқушылар суреттің артқы жағын көрмеуі керек). Бөлшектерді қосу үшін жабысқақ таспаны пайдалануға болады.

Соңында әр топ суреттердің түпнұсқасын алуы керек.

Қорытынды
Бұл жоба бойынша оқушылар сандарға амалдар орындау тақырыбын қайталады. Сонымен қатар оқушылар сандардан пазл құрастырып, бейнелі және логикалық ойлауын дамытты.
Бағалау


