1 апта

Мұғалімге арналған нұсқаулық 

  • Оқушыларды топтарға бөліңіз;
  • Қайшымен және картон бұйымдарымен жұмыс істеу бойынша оқушыларға қысқаша нұсқаулық жүргізіңіз;

Мақсат 

Геометриялық пішіндер мен заттардың пішіні туралы білімді жетілдіру;

Бейнелік, логикалық және кеңістіктік ойлауды дамыту.

Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік шараларын оқыңыз [ қауіпсіздік ережелері].

Кіріспе

Оқушыларға пазл туралы айтып түсіндіріңіз.

Пазл – көптеген фрагменттерден сурет жасайтын ойын

Пазлдардың пайдасы:

  • Концентрацияның жоғарылауы. Пазлдың дұрыс бөліктерін табу үшін мұқият болу керек.
  • Қиялдың дамуы. Пазл суреттерін жинаған кезде біз толық суретті көрмейміз, сондықтан ми жетіспейтін бөліктерді аяқтауға тырысады.
  • Логикалық ойлауды дамыту. Пазлдарды құрастыру кезінде олардың реті мен пішінін ескеру қажет [1].

Қолданылған әдебиет:

[1] https://mimigram.ru/blog/chto-takoe-pazly-i-chem-oni-polezny/ 

Практикалық бөлім

Түрлі-түсті картон парағын тік бағытта орналастырып, төмендегі суретте көрсетілгендей ортасын бүктеңіз. Сіз екі бірдей бөлікті алуыңыз керек.

Бөлшектің екі жағы бірдей болатындай бөлікті ортасынан қайтадан бүгіңіз. Картон парағын ашыңыз.

Алынған бүктемелердің сызықтары бойымен картон парағын төрт бөлікке кесіңіз.

! Әрі қарай жұмыс істеу үшін әр оқушы кесілген картон парағынан бір бөлікті алуы керек.

Бөлшекті тік бағытта орналастырып, төменгі және бүйір жиектері түйісетіндей етіп бүгіңіз. Сіз үшбұрыштың пішінін алуыңыз керек.

Алынған үшбұрышты суретте көрсетілгендей бүгіңіз.

Бөлшекті жайып, суретте көрсетілгендей бүктеу сызықтары бойымен кесіңіз. Сіз төрт бірдей үшбұрышты алуыңыз керек.

 Бірдей процесті бөлшектің қалған бөлігімен екі рет қайталаңыз. Нәтижесінде сіз он екі бірдей үшбұрышты алуыңыз керек.

Бұл кезеңде оқушылар алынған үшбұрыштарды пайдаланып, суреттерді құрастыруды үйренуі керек. Алдымен интерактивті тақтада бірінші суретті (сызықсыз) барлық оқушыларға көрсетіңіз сызбаларды жүктеу ]. Оқушылардан қиылған үшбұрыштарды пайдаланып көрген сызбаны қалай жинауға болатыны туралы ойлануын сұраңыз.

Жеңіл мысалдардан бастаңыз. Оқушыларға үйдің сызбасын көрсетіп, оны тек төрт үшбұрыштың көмегімен құрастыруды сұраңыз (қажетті үшбұрыштар саны сызбалардың төменгі оң жақ бұрышында көрсетілген).

Оқушылар көрсетілген сызбаны құрастырып көргеннен немесе аяқтағаннан кейін оларға толық құрастырылған суреттің сызбасын көрсетіңіз.

Күрделі мысалдарға көшіңіз. Үйдің суретінен кеин, оқушылардан жүрек сызбасын құрастыруды сұраңыз (файлдағы сызбалардың реті жиналатын суреттің күрделілік деңгейіне сәйкес қойылған).

Сабақ соңында оқушылар өздеріне ұнаған суретті таңдап алсын. Олардан таңдаған суретін қағаз желімімен А4 парағына жапсыруды сұраңыз. Желімделген сызбалардың мысалдары төмендегі суретте көрсетілген.

Қорытынды

Бұл жоба бойынша оқушылар үшбұрыштарды пайдаланып пазлдарды (сызбаларды) жинау арқылы бейнелі, логикалық және кеңістіктік ойлауын дамытты.