1-сабақ

Жобаның мақсаты

  • Жеке ғарыштық денелерді сипаттау(шоқжұлдыздар, планета, жұлдыз)
  • Ғарыш, планеталар, жұлдыздар, Күн жүйесі деген не екенін білу
  • Астрономия ғылымы нені зерттейтінін, ғарыш туралы адамдардың қалай білгенін түсіндіру
  • Күн жүйесінің 3D кітабын жасау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Оқушыларды топқа бөліңіз. Әр топта 5 оқушы болуы керек.
  • Ғарыш / күн жүйесі/ғарыштық денелер дегеніміз не екенін түсіндіріңіз.
  • Бірінші аптада оқушылар планеталарды тізімдеп, 3d кітабын жасай бастайды.
  • Екінші аптада олар ғарыштық пазл жасайды.
  • Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік техникасымен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Steam сабақтарында қауіпсіздік техникасы сілтемесіне өтіңіз

Теориялық бөлім

Бұлтсыз ашық түнде аспаннан жапырылған жұлдыздарды көресің. Енді кейбірі солғын жарық нүктеге ұқсайды. Енді бірі бірде күшейіп, бірде әлсіреген отты елестетеді. Шынындада, олардың әр қайсысы Күнге ұқсас жанып тұрған, орасан газ шарлар. Ең ірілері күннен ондаған есе, тіпті жүздеген есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындарыда бар.
Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі замандағы ең жаңа құралдармен есепке алғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы сан миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз – Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Грекше ғаламшар – адасушы жұлдыз деген сөз.
Ғаламшарлар — өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді. Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі – Ай. Күн және күнді айналып жүретін ғаламшарлар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Күн жүйесі – Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады.

Жерді қоршаған бүкіл дүние – ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден–ақ  Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4-қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол — Ю.А.Гагарин.

Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе ҒарышҒаламшар – адасушы жұлдыз.
Күн жүйесі – Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз.
Әлем немесе Ғарыш – Жерді қоршаған бүкіл дүние.
Галактика – миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.

Жұмыстың практикалық бөлігі

1 қадам. 2 қара қағазды алып оны скотчпен біріктіреміз

2 қадам. Сызғыштың көмегімен кітаптың бүктелетін жерін белгілеп аламыз. Басқа қағазды алып оны өлшемі  3см болатын бөлігін қиып аламыз, содан сон оны шаршы шығатындай бүктеп, желімдейміз. Осылай 10 дана жасаймыз

3 қадам.  Планеталардың басып шығарылған суреттерін кесеміз

4 қадам. Суреттерді шаршыларға желімдейміз, шаршыны алып, оны суреттегідей кітапқа жабыстырамыз

5 қадам. Жылтырақтарды қара қағаздың бетіне себеміз