1 апта
Жобаның мақсаты
1. Ермексаздан жер шарының моделін жасау.
2. Жердің құрылысын оның үшөлшемді моделі негізіде меңгеру.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
– Жобаның практикалық бөлімінде оқушылар 4-5 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.
– Оқушылар Жер, жер құрылымы сияқты тақырыптармен танысуы керек.
– Практикалық бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
– Бұл жобада жер шарының құрылымының 2 нұсқасы ұсынылған. Олардың біреуін жасаңыз немесе екеуін де бірден жасай аласыз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Құрметті оқушылар, сұрақтарға жауап беріңіз:
– Күн жүйесінің қандай планеталарын білесіз? Атаңыз
– Жер қандай бөліктерден тұрады? (құрылысы)
Жер Құрылымы
Жер планетасы – Күн жүйесінің күннен қашықтығы бойынша үшінші ғаламшар. Ең тығыз. Өмір бар жалғыз планета.
Біз бәріміз бір-бірімізге – Жерлеспіз.

Жер неден тұрады? Біздің планетамыздың ішкі құрылымы
(төмендегі кесте мен суретке назар аударыңыз)
| Жер қыртысы | Бұл қатты жердің жоғарғы бөлігі. Жер қыртысының екі түрі бар — континентальды (материктер) және мұхиттық.Континентальды жер қыртысына құрлықтар жатады – Еуразия, Африка, Австралия, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Антарктида.Мұхиттық жер қыртысына мұхиттар жатады – Тынық мұхиты, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды. |
| Литосфера | Литосфера-жердің қатты қабығы. Жер қыртысы мен мантияның жоғарғы бөлігінен тұрады. Литосфера блоктары бар-бұл қозғалмалы литосфералық тақталар. |
| Астеносфера | Бұл жердің жоғарғы мантиясындағы иілмелі қабат, ол литосфераның астында орналасқан. |
| Мантия | Бұл Жер қыртысы қабатының астында және ядродан жоғары орналасқан жердің аралық қабаты. Онда жер заттарының көп бөлігі орналасқан.Жоғарғы мезосфера (жоғарғы мантия) және төменгі мезосфера (төменгі мантия) болып бөлінедіМанияның құрамындағы заттар жартылай балқыған күйде болады. |
| Ядро | Ядро – Жердің орталық бөлігі, мантия астындағы сфера қатты ішкі ядроға және сұйық сыртқы ядроға бөлінеді. Жер ядросының ортасындағы Температура 6000 °C-қа жетеді |

Ақпарат көздері:
- https://ru.freepik.com/
- Верхняя мантия. Пер. с англ. — М.: «Мир». 1964.
- Земля // Большая советская энциклопедия : [в 30 т.] / гл. ред. А. М. Прохоров. — 3-е изд. — М. : Советская энциклопедия, 1969—1978.
Практикалық бөлім
1. Жердің шарының сфера пішінді ішкі құрылысы
Қадам 1. Топ-топқа бөлініңіз (әр топта 5 оқушыдан)
Қадам 2. Барлық қажетті құрал-жабдықтармен танысыңыз және 2 жобаға бөліңіз (ермексаздан жасалған жер)

Қадам 3. Жердің Құрылымы. Ішкі және сыртқы ядро.
Біз сары пластилинді қолымызбен жайып, жылтырақтар мен көбік шарларымен толтырамыз. Және домалата жабамыз. Содан кейін жасалған шарды тағы қызғылт сары (сары) жеңіл ермексазбен қаптаймыз.




Қадам 4. Жердің Құрылымы. Мантия.
Біз қызыл (маржан) ермеказды жайып, содан кейін дайын массаны орап жабамыз. (Бірінші қабат-қарапыйым ермексаз. Екінші қабат-жеңіл ермексаз.




Қадам 5. Жердің Құрылымы. Литосфера.
Біз 2 қоңыр қарапайым қоңыр түсті ермексазды жайып, мантияны жабамыз.


Қадам 6. Жердің Құрылымы. Мұхиттық жер қыртысы
Біз 2 Көк жеңіл ермексазды жайып, литосфераны жабамыз.


Қадам 7. Жердің Құрылымы. Құрлықтық Жер қыртысы.
Біз жасыл пластилинді жайып, материктерді кесеміз (көз өлшемімен)


Қадам 8. Жасалған Жер шарына ермексазға арналған пышақтың көмегімен ойық жасаймыз.

2. Жер шарының ішкі құрылысының жартылай қимасы
Қадам 1. Ядро-1. Алдымен ішкі ядроны сары түсті қатты ермексазбен дөңгелетіп жасаңыз

Қадам 2. Ядро-2. Содан кейін жұмсақ (жеңіл) ермексазды біркелкі етіп қолмен жайып, қатты ядроны қоршаңыз


Қадам 3. Жасалған ядроларға түрлі жылтырақтарды себіңіз. Бұл ядроның лапылдап, жанып жатқан от екендігін білдіреді.

Қадам 4. Мантия-1. Қарапайым ермексаз

Қадам 5. Мантия-2. Жеңіл ермеказ


Қадам 6. Литосфера. Қарапайым қатты қоңыр түсті ермексаз



Қадам 7. Мұхиттық жер қыртысы. Көк түсті жеңіл ермексаз


Қадам 8. Континеттік жер қыртысы. Жеңіл ермексаз арқылы құрлықтырды шамамен ұқсатып кесіп аламыз да, көк түсті мұхиттық континентке жапсырамыз

Қадам 9. Сонымен, бізде суреттегідей бөліктер шығу керек.
Байқасаңыз, жеңіл ермексаз қарапайым ермексазға жабыспайды екен.
Сондықтан, Жер шарының қабаттарын осылай екі түрлі ермексазды кезектестіре отырып жасау, оны анық зерттеуге мүмкіндік береді.

Қорытынды
Осылайша, бұл жобада оқушылар Жер шарының моделі мен құрылымын игерді. Қажетті материалдардың қолдана отырып, оқушылар, өздігінен, пластилиннен Жер моделін, яғни құрылысын жасады.

Бұл жобада әр оқушы үш санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өз бетіңізше, Жердің ішкі құрылымын және олардың қасиеттерін зерттедіңіз, Сіз нағыз ғалым – геологсыз!
– Сіз өзіңіз ермексаздан Жер моделін жасадыңыз. Бұл өз кезегінде технологиялық процесс. Құттықтаймыз, Сіз – жас технологсыз!
– Сіз өзіңіз жер қыртысын зерттедіңіз, атап айтқанда жердің континенттері мен мұхиттарын ермексаздан кесіп жасадыңыз, Сіз суретші – картографсыз!
Бағалау


