1-сабақ

Мұғалімге нұсқаулық

– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Теориялық бөлімге қысқаша шолу жасап практикалық бөлімге өтіңіз.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Магниттер темір тектес заттарды тарта алады, сонымен қатар олар бір-біріне де тартылады. Өйткені бұл заттардың магниттік қасиеттері бар.
Магниттер әртүрлі кедергілер арқылы да тартыла береді. Мысалы, қағаз, шыны, мата, ағаш сияқты кедергілерден өтіп те темірді тарта алады.
Магниттің екі полюсі бар: оңтүстік және солтүстік. Егер магнитті екіге бөлсеңіз, онда екі жарты бөлігінде де екі полюсі болады. Полюстері әртүрлі жақтар бірін-бірі тартады, ал полюстері бірдей жақтар бірін-бірі кері итеріледі.

Пластмасса, ағаш, мата, шыны сияқты заттар магнитке тартылмайды, олардың магниттік қасиеті болмайды.
Магниттер өте кең қолданылады. Оларды металл заттарды көтеру, ұстап тұру және жылжыту үшін пайдалануға болады. Магниттер, біз күн сайын қолданатын дерлік барлық электронды құрылғыларда кездеседі. Егер сіз, мысалы, құлаққапты, ұялы телефонды, тоңазытқышты, теледидарды бөлшектесеңіз, онда сіз магниттерді таба аласыз. Магниттерді қолданып әртүрлі ойыншықтар да жасайды. Бүгін біз осындай ойыншықтардың бірін жасаймыз.

Практикалық бөлім

Қадам 1. Картон қағазын алыңыз және таспа түрінде бірнеше бөліктерге кесіңіз.

Қадам 2. Әрбір таспаны бүгіп, желім арқылы оларды әртүрлі пішінге келтіріңіз.

Қадам 3. Магниттік таспаны қайшымен кішкене бөліктерге кесіңіз. Өткен сабақта қанша фигуралар алғаныңызды есептеңіз және магнитті шамамен екі есе көп етіп бөліңіз. Мысалы, сізде 6 фигура болса, магнитті 10-12 бөлікке бөліңіз. Әр фигурада шамамен екі магниттен болуы керек.

Қадам 4. Енді өткен сабақта дайындалған фигуралардың әр жағына магниттерді жапсырыңыз. Әр фигурада шамамен екі магниттен болуы керек.

 Қадам 5. Қалауыңыз бойынша боясаңыз болады. Дайын. Енді әртүрлі үлкен пішінде фигуралар жасап көріңіздер.


Қорытынды

Бұл жобада оқушылар магниттің қасиеттерімен танысты. Біз магниттерді қайда және қалай қолдану керектігін білдік және магниттердің көмегімен өз қолымызбен конструктор жасадық.

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.