2 апта
Практикалық бөлім
Бұл жобада біз Күн коллекторының жұмыс істеу принциіне негізделген коллектор моделін жасаймыз. Жалпы жасалу керек жұмысты 3 аптаға бөлдік. Екінші аптада құтыларды біріктіреміз және картон қағаздарды қиып, дайындаймыз.
Қадам 1. Топтарға 5 адамнан бөліңіз. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз
Қадам 2. Дайын болған құтыларды екі-екіден бір-біріне термоклей арқылы біріктіру.
Осылай бір-біріне жалғанған құтылар арқылы ауа ағыны жүріп өтеді.

Қадам 3. Картоннан 44*19 см өлшемде тіктөртбұрыш пішінде қиямыз.
Бұл бізде құтылардың бекітілетін, коллектордың табаны болады.

Қадам 4. 44*19 см өлшемді тіктөртбұрышты 7см, 30 см және 7 см етіп 3 бөлікке бөлеміз.

Қадам 5. 44*19 см өлшемді тіктөртбұрышты 7см бір жақ бөлігіне диаметрі 5 см болатын шеңбер сызып, қиямыз.
Осы ойық арқылы жылытылған ауа ағыны шығатын болады.

Қадам 6. 44*9 см өлшемде екі дана картон тіктөртбұрыш қиямыз.
Бұл бөліктер бізде коллектордың жақ беттерін құрайды.

Қадам 7. Картоннан 18,5*9 өлшемде тағы төрт дана тіктөртбұрыш қиып аламыз. Бұл бөліктердің екеуі екі жақ бетті құраса, қалған екеуі құтыларды бекіту үшін қолданылады.
Қадам 8. 18,5*9 өлшемдегі екі дана тіктөртбұрышқа да құты шеңберінің диаметр өлшеміндей үш шеңбер сызымыз.

Қадам 9. Қадам 8-тегі сызылған шеңберлерді қиып аламыз.

Қадам 10. Қадам 6-дағы картоннан 44*9 өлшемдегі тіктөртбұрыштардың бір жақ шеттеріне диаметрі 5 см болатын шеңбер жасап, қиып аламыз.
Екі жақ беттегі ойықтар арқылы ауа ағыны ішке енетін болады.

Қадам 11. Дайын болған картон қағаздар.

Қадам 12. Құты мен құтыға арнап қиылған шеңберлері бар 18,5*9 см тіктөртбұрышты термоклеймен біріктіреміз.

Қадам 13. Үш бөлек құтыларды толықтай қадам 12-дегі тәсілмен бекітіп шығамыз.

Қадам 14. Құтылардың екінші жағы үшін де осы процесті екінші 18,5*9 пішінді шеңберлер ойылған картонмен қайталаймыз.

