1-сабақ
Жоба мақсаты
– Біздің өміріміздегі ғылымның рөлін түсіну;
– Роботты қолды жасау.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Теориялық бөлімге қысқаша шолу жасаңыз;
– Кейін практикалық бөлімге өтіңіз;
– Топтардағы әр оқушының жұмысқа кірісуін бақылаңыз;
– Топтың әр мүшесі жұмыспен қамтылатындай етіп тапсырмаларды бөлуге көмектесіңіз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Жасанды аяқ-қолдар, басқа да дене мүшелерімен қатар роботты қолдарды дамыту туралы ғылым протездеу деп аталады. Ғалымдар, инженерлер мен дәрігерлер апат немесе ауру салдарынан ағзаларын немесе аяқ-қолдарын жоғалтқан адамдарға көмектесу үшін дененің жасанды бөліктерін жасауда бірге жұмыс істейді. Адам қолы сияқты әртүрлі заттарды оңай ұстай алатын роботтың қолын жасау – бұл кәсіби инженерлер бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келе жатқан өте қиын міндет!


Фото: Pavel Danilyuk: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/8439093/
Фото: Polina Tankilevitch: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/5386252/
Background фото rawpixel.com – ru.freepik.com</a>
Осы жобада ұсынылған материалдарды қолдана отырып, сіз кішкентай жеңіл заттарды көтере алатын роботты қолды жасай аласыз. Сәл жұмсақ немесе тесіс емес заттарды (мысалы, пенопласт, мақта) қатты және тегіс заттарға (мысалы, үстел тенис добы) қарағанда көтеру оңай болуы мүмкін. Ауыр заттарды да (мысалы, кофе кружкасын) көтеру қиын болуы мүмкін, өйткені түтіктер күшті емес және артқа қарай майысады. Сіз көтере алатын заттардың пішіні мен түрі сіздің роботыңызда қанша саусақ бар екеніне және оларды қалай орналастырғаныңызға байланысты болады. Мысалы, сіз қағаз шыныаяқтарын өте жақсы көтеретін қол жасай аласыз, бірақ үстел теннисіне арналған шарларды ұстау ыңғайсыз болады немесе керісінше болатындай етіп жасауға да болады.
Практикалық бөлім
1. Түтікке оның ұзындығының жартысына жуық жерден кішкене үшбұрышты ойық жасаңыз. Түтік саусақ болады, ал ойық буын болады. Нәтижесінде сіз түтікті майыстырып, оны буынынан майыстыра аласыз.


2. Алыдңғы ойықтың үстінде кішкене тесік жасаңыз және жіпті түтік арқылы өткізіңіз.


3. Түтікткгі тесік жақтағы жіптің басын түіндеп шықпайтындай етіп бцып қойыңыз, ал екінші соңына скрепка байлап қойыңыз.

4. Түтіктің негізін бір қолыңызбен, ал скрепканы екінші қолыңызбен ұстаңыз. Скрепканы тартқан кезе, түтік бүгілуі керек.


5. Осы сияқты тағы екі саусақ жасаңыз.

6. Пластилиннен түтіктерінің түбіне алақан жасап орнатыңыз. Түтіктердегі ойықтардың бір-біріне қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.

7. Пластилинді бір қолыңызбен, ал жіптерді екінші қолыңызбен ұстаңыз. Жіптерді тартқан кезде саусақтар бүгілуі керек.

8. Түтіктерге резеңке орау арқылы саусақтардың ұсталуын жақсартуға болады.

9. Картонды кесіп, құбыр күйінде бүгіңіз және ыстық желіммен бекітіңіз, осылайша құбыр жасаңыз. Қолды қалыптастыру үшін пластилинді картон түтігінің басына бекітіңіз. Жіптен қысқа болса ұзын жіптерді байлап, оларды түтік арқылы өткізуге болады.

10. Енді картон құбырын алып, роботты қолыңызды кішкентай, жеңіл заттарды көтеру үшін қолданып көріңіз. Арқанды (жіптерді) тартыңыз.

Саусағыңызды күрделендіріп көруге болады. Мысалы, бірнеше буындары бар саусақтар, олардың әрқайсысы жеке жіппен тәуелсіз басқарылатын болады.
Саусақтар мен буындардың әртүрлі комбинациялары мен бағыттарын өзгерту арқылы түрлі қол жасай аласыз. Адам қолы сияқты ұзындығы әртүрлы төрт саусақ және үлкен саусағы бар қол жасай аласыз ба?
Сіздің қолыңыз сүйектерден, бұлшықеттерден, буындардан және сіңірлерден тұрады. Сүйектер осы жобадағы түтік сияқты қолдың қатаң құрылымын қамтамасыз етеді. Буындар саусақтың бүгілуін қамтамасыз етеді, түтіктегі ойықтар секілді. Саусақты түрлі бөліктері бүгілуі үшін сіңірлер буындарды тартады, сіздің роботтың қолындағы жіптер сияқты. Сіздің робот қолыңыздағы бұлшықет қызметі әлі де адаммен қамтамасыз етіледі, өйткені сіз жіптенді өзіңіз тартасыз. Нағыз роботты қолдарда бұлшықет сияқты әрекет ететін электр қозғалтқыштары бар. Адамзаттың жақсы өмір сүруі үшін осындай күрделі құрылымдарды жасауда ғалымдар еңбек етуде.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

