2 апта
Бүгінгі сабақта калькулятор құрып бастаймыз.
Қадам 1. Visual Studio бағдарламасын ашыңыз. Продолжить без кода таңдаңыз.
Қадам 2. Терезе ашылғаннан кейін Файл → создать → проект CLR Empty Project (.NET Framework) таңдаймыз және проектке “calculator” деп ат береміз.
Қадам 3. Жаңа терезе ашылғаннан кейін Обозреватель решений бөліміндегі Свойства батырмасын басыңыз. Компоновщик бөлімінде Система-ны таңдаңыз. Подсистема-дан Windows (/SUBSYSTEM:WINDOWS) таңдаңыз.
Қадам 4. Компоновщик бөлімінде Дополнительно → Точка входа тармағына “Main” сөзін енгізіп, Применить және ОК батырмасын басыңыз.
Қадам 5. calculator сөзіне барып, тышқанның оң жағын басыңыз. Сол жерден Добавить бөлімінде Создать элемент таңдаңыз.
Қадам 6. Жаңадан ашылған терезде Среда CLR → Форма Windows form таңдап, Добавить батырмасын басыңыз.
Қадам 7. MyForm.cpp таңдаңыз. Ашылған терезеге төменде келтірілген кодты жазыңыз.
using namespace System;
using namespace System::Windows::Forms;
[STAThreadAttribute]
void Main(array<String^>^ args) {
Application::EnableVisualStyles();
Application::SetCompatibleTextRenderingDefault(false);
calculator::MyForm form;
Application::Run(% form);}
Қадам 8. Сохранить батырмасын басып сақтаңыз және бағдарламаны жабыңыз.
Қадам 9. Поискқа calculator.sln сөзін жазып, бағдарламаны қайта ашыңыз.
Қадам 10. MyForm атты жаңа терезе пайда болады. Бұл калькулятордың қаңқасы болып табылады. Оны өзіңізге қажетті өлшемде үлкейтіңіз.
Қадам 11. Панель элементов ашып, Textbox таңдаңыз. Оны MyForm-ның жоғарғы жағына орналастырыңыз. Multiline-ды белгілеңіз.
Қадам 12. Панель элементов ашып, Button батырмасын таңдаңыз. Оны Textbox астына кішкентай шаршы түрінде орналастырыңыз.
Қадам 13. Екеуін де белгілеп алып, Свойства бөлімінде Font батырмасы арқылы қаріпті Начертание: полужирный, Размер: 16-ға өзгертіңіз.
Қадам 14. Button батырмасын Ctrl+C және Ctrl+V басу арқылы 20 данасын жасаңыз. Кейін Button батырмасының барлығын белгілеп, Свойства бөлімінде Size 80;80 деп өлшемін беріңіз.
Қадам 15. Button8 батырмасын басып, свойства терезесін ашыңыз. Text тармағына Button8 сөзін өшіріп, 7 санын енгізіңіз. Келесі Button7-ге 8 санын және дәл солай осы процесті басқа батырмалар үшін жалғасырыңыз.
Ескерту! Сандарды Button8-Button6, Button12-Button10, Button16-Button14 батырмаларына енгізіңіз.
Қадам 16. Button5 батырмасына “+”, Button9 батырмасына “-”, Button13 батырмасына “*”, Button17 батырмасына “/”, батырмасына “=” , Button19 батырмасына “,”, Button20 батырмасына “0”, Button2 батырмасына “C”, Button3 батырмасына “CE” енгізіңіз.
Қадам 17. Button1-ге ⌫ таңбасын, Button4-ке ± таңбасын енгізіңіз. Бұл таңбаларды енгізу үшін бірінші оны Word документке ⌫, ± таңбаларын енгізіңіз. Кейін оларды көшіріп алып, Button-дарға қойыңыз.
Осымен калькултятордың қаңқасы дайын болды. Оны сақтап қойыңыз.
