1-сабақ
Жоба мақсаты
– Текше және параллелепипед фигураларының элементтерін есте сақтау;
– Текше мен параллелепипед фигураларын ажырата білу.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Оқушыларды сабақтың тақырыбымен және кіріспемен таныстырыңыз;
– Бірінші аптада әр оқушы 8 текше жасауы керек;
– Оқушылардың келесі сабаққа дейін 8 текшені сақтап қалуын қадағалаңыз (немесе қайтадан жасау керек);
– Екінші аптада текшелері қосып, бір шексіз текше жасалады.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Кеңістіктік фигуралар

https://ru.freepik.com/photos/abstract’>Abstract фото создан(а) freepik – ru.freepik.com
Кеңістіктік фигуралардың бірі – тікбұрышты параллелепипед. Тікбұрышты параллелепипед – беттері тіктөртбұрыштар болып табылатын кеңістіктік фигура. Біздің айналамыздағы көптеген заттар параллелепипед тәрізді: шкаф, қораптар, теледидар және т.б
Параллелепипедтің 6 жағы бар және қарама-қарсы жақтары әрқашан тең. Жақтарының қабырғалары қырлар деп аталады, ал сол қырлардың қиылысу нүктелері параллелепипедтің төбелері деп аталады. Параллелепипедтің 8 төбесі мен 12 қыры бар. Үш қырының өлшемдері әртүрлі, оларды параллелепипед өлшемдері деп аталады – ұзындығы, ені, биіктігі.

Тағы бір кеңістіктік фигура – текше. Текше-барлық өлшемдері тең болатын тікбұрышты параллелепипед. Текшенің барлық қырлары шаршыдан тұрады.
Практикалық бөлім
Шексіз текшеге арналған текше моделдерін жасау.
1. Текшенің алты жағына(беттеріне) 6 түсті қағаз кесеміз, әрқайсысы 8 данадан, өйткені біз шексіз текше үшін 8 текше жасаймыз. Өлшемдері: 6 см Х 6 см.

2. Ортасын белгілеп суреттегідей екі жағын ортасына қарай бүктейміз.


3. Ұзындығы бойынша да ортасын белгілеп, суреттегідей бүктейміз.


4. Осылай текшенің алты жағына әртүрлі түсті қағаздан 6 дана жасау керек. Текшенің қанша жағы бар екенін есте сақтадыңыз ба?

5. Енді текшенің жақтарын суреттегідей қосамыз. Көк пен күлгін түстерін екі жағынан, астында қызыл.

6. Суреттегідей келесі жақтарын қосамыз. Қызғылт және қызғылт сары.

7. Текшенің соңғы жағын үстіне қойыңыз. Қай жағынан қандай түс қойғаныңызды есте сақтаңыз.


8. Осындай бірдей 8 дана жасаңыз.

