2-сабақ

Бұл сабақта кіші текшелерден шексіз текшені жасаймыз.

video
play-rounded-fill

1. Суреттегідей тәртіппен текшелерді қойып шығыңыз.
Барлық сегіз текше сол жақта бірдей түс, ал оң жағында басқа бірдей түс болатындай тұруы керек. Суретте барлығының сол жағында қызғылт сары, оң жағында қызғылт түс орналасқан.
Алғашқы төртеуінде көк түс жоғарыға, ал төменде күлгін түс тұр. Ал қалған төртеуінде көк түсі астында қалды да, күлгін жоғары қарап тұр.

2. Алғашқы екі текшені жоғарыдан(екі көк) жабысқақ таспамен жалғап, айналдырып, артқы жағын ашып, қызғылт және қызғылт сары түстерді қосыңыз.

3. Ең төменгі екі текшені де жалғаңыз. Артқы жағыннан да дәл солай.

4. Төменгі екі текшені сол жағынан жабыстырыңыз (екі қызғылт сары). Ашып, кері жағынан да (қызыл мен сарыны) жалғаңыз.

5. Екі төменгі текшені оң жағынан да дәл солай жабыстырыңыз (екі қызғылт). Ашып, артқы жағынан да (қызыл мен сарыны) жалғаңыз.

6. Екі жоғарғы текшені сол жағынан желімдеңіз (екі қызғылт сары). Ашып, кері жағынан да(қызыл мен сарыны) жалғаңыз.

7. Екі жоғарғы текшені дәл солай оң жағынан жабыстырыңыз (екі қызғылт). Ашып, артқы жағынан да (қызыл мен сарыны) жалғаңыз.

8. Суреттегідей, басында орналастырған тәртіппен тұрған, екі бөлік шығады. 

9. Екі бөлікті қосыңыз. Мұны істеу үшін оларды суреттегідей ортасынан (көк және күлгінді) жалғаңыз.

10. Енді айналдырып артқы жағынан таспамен жабыстырамыз.

Біздің шексіз текшеміз дайын, енді онымен ойнай аласыз. Назар аударыңыз, жиналған күйінде біз ТЕКШЕ аламыз, ал ашық түрінде бұл ПАРАЛЛЕЛЕПИПЕД. Енді олардың қалай ерекшеленетінін айтыңыз. Текше мен параллелепипедтің қандай элементтері бар?

Қорытынды

Бұл жобада оқушылар текше және параллелепипед сияқты геометриялық фигуралардың жазбасымен танысты, фигуралардың модельдерін жасап, соның мысалында текше мен тікбұрышты параллелепипед арасындағы айырмашылықты көрді. Өз қолдарымен шексіз текше жасады және оның көмегімен геометриялық фигуралардың элементтерін есінде сақтап алды.

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.