1-сабақ
Жоба мақсаты
– Голдберг машинасын жасау;
– Серпімділік күшін зерттеу және мысалдармен көрсету;
– Ауырлық күшін зерттеу және мысалдармен көрсету;
– Үйкеліс күшін зерттеу және мысалдармен көрсету.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Денеге қандай күштер әсер ететіні туралы айтып беріңіз;
– Нұсқаулық бойынша Голдберг машинасын жасаңыз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Денелер бір-бірімен әрекеттескен кезде оларға бірнеше күш әсер етеді. Өзара әрекеттесу сипаты бойынша күштер үш түрге бөлінеді: серпімді күштер, үйкеліс күштері және ауырлық күштері.
Серпімділік күші дене деформацияланған кезде пайда болады. Деформация деген денеге күш салынған кезде дененің пішіні мен мөлшері өзгеруі. Серпімділік күші денені бастапқы күйіне қайтаруға тырысады. Мысал ретінде пружина, резеңке, садақтың жебесі және т. б.
Үйкеліс күші екі дененің жанасуы кезінде пайда болады. Ол денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына кедергі келтіреді. Бұл күш беттің материалына және қозғалыс жылдамдығына байланысты. Бір затты екіншісіне сырғыту кезінде біз үйкеліс күшінің әсерін көре аламыз.
Ауырлық күші — Жердің өзіне қарай кез келген денені тартушы күш.
Ал енді іс жүзінде денеге әсер етуші күштердің жұмысын көрейік. Ол үшін біз Голдберг машинасын жасаймыз.
Медиа: <a href=’https://ru.freepik.com/photos/background’>Background фото создан(а) atlascompany – ru.freepik.com</a>
Практикалық бөлім
Алдымен машинаның қалай жұмыс істейтінін жоспарлап сызбасын сызайық та керекті материалдарды таңдайық. Қағаз беп қалам алып сызбаға кірісеміз. Өздеріңіздің түрлі-түсті қаламдарыңызды қолдансаңыздар болады.
1. Картон мұнарасында доп болады. Ал жанында резеңке мен кнопкалар арқылы жасалған рогатканы орнатамыз. Резецкені тартып тұрып жібере саламыз. Содан кейін серпімділік күшінің әсерімен резеңке босатылып, допты ұрады. Серпімділік күші резеңкеге қалай әсер ететінін көрейік. Резеңкені алыңыз, созып кейін босатыңыз. Серпімділік күшінің әсерінен резеңке бастапқы күйіне оралуы керек.

2. Доп домалап барып мұнарадан құлайды. Сөйтіп төмендегі сызғыштан жасалған әткеншекке түседі. Картон бетінде қозғалу кезінде допқа үйкеліс күші әсер етеді.

3. Әткеншек екінші допты көтеріп, итереді. Доп домаланып, кружкалардың біріне түседі. Бір ыдыс ауырлық күшімен төмен түседі, ал екінші ыдыс сол кезде жоғары көтеріледі.

4. Екінші стақан плакатқа тиіп, плакат ашылады.
5. Енді материалдарды алып, мұның бәрін эксперимент түрінде жасаймыз. Алдымен картоннан мұнара жасаймыз.

6. Мұнараның жоғарғы жағына түймелер мен резеңкені орнатып рогатка жасаңыз. Ал қасына допты қойыңыз.

7. Мұнараның астына бірден қарындаш пен сызғыштан әткеншек орнатыңыз. Ал сызғызтың екінші жағында допты қойыңыз.

8. Тағы бір қарындаш алыңыз және үстелдің шетіне таспамен орнатыңыз да оған екі стақанды арқанмен жалғап, іліңіз. Доп тікелей стақанға түсуі керек.

9. Плакаттың бір шетін үстелге таспамен жабыстырыңыз, екінші ұшын бүгіңіз және плакат ашылмауы үшін жеңіл затпен ұстатып қойыңыз. Плакатты қалауыңыз бойынша безендіріңіз.


Дайын. Енді рогаткадан бастаңыз. Резеңкені тартып тұрып жібере салыңыз. Ары қарай тізбек бойынша өзі кете береді. Осындай тізбектердің түр-түрін сіз өзіңіз де құрастырып жасай аласыз.
Тізбектің әр бөлігінде қай денеге қандай күштер әсер етті?
Қорытынды
Бұл сабақта біз өзімізге және айналамыздағы барлық заттарға әсер ететін негізгі күштермен таныстық. Голдберг машинасының сызбасын салып, сол күштердің мысалдарын қарастырдық. Голдберг машинасын жасадық және іс жүзінде күштердің денеге қалай әсер ететінін көрдік. Голдберг машинасы денелердің қалай қозғалатынын және қозғалыс кезінде денеге әсер ететін күштерді нақты көрсетеді.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png)

