1-сабақ
Жоба мақсаты
– Жойылу қаупінде тұрған жануарларға мысалдар келтіру;
– Ұлттық парктер мен қорықтарды құру мақсаттарын түсіндіру;
– Қолда бар материалдардан көбелек жасау.
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Теориялық бөлімге қысқаша шолу жасап, практикалық бөлімге өтіңіз.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Қазақстанның флорасы мен фаунасы ерекше. Мемлекет аумағында құстардың, сүтқоректілердің, жәндіктердің және өсімдіктердің тек біздің табиғатымызға тән ондаған түрлерін кездестіруге болады. Республика фаунасының көптеген өкілдері Қазақстанның рәміздеріне айналып, ерекше қорғауда. Жануарлардың, өсімдіктердің, жәндіктердің құнды және жойылып бара жатқан түрлерінің есебін жүргізу үшін «Қазақстанның Қызыл кітабы» деп аталатын кітап жасалды.
Бүгінгі таңда бұл құжат үш томдық басылымнан тұрады, олардың ең соңғысы 1999 жылы, ал бірінші кітабы 20 ғасырдың 70-жылдарының соңында жарық көрді. Айта кету керек, әрбір мемлекет өз аумағында кең таралған жануарлардың, өсімдіктердің және жәндіктердің популяциясының саны мен өмір сүру сапасын егжей-тегжейлі зерттеу негізінде өзінің Қызыл кітабын жасайды. Осы тізімдердің негізінде бүкіл планетаның флора мен фаунаның Қызыл кітабы құрылды, оның мақсаты жердегі биоәртүрлілікті сақтау болып табылады. Соладың ішінде:
Ирбис – мысық тұқымдасының сирек кездесетін түрі, ол негізінен Орталық Азияның таулы аймақтарында мекендейді. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында есеп бойынша жүзден сәл астам қар барысы бар.


Бүркіт – Қазақстандағы ең танымал құс және еліміздің басты символы. Қазақстан аумағында бұл құс отыз жылдан астам бұрын Қызыл кітапқа енгізілген. Қазір қауырсынды жыртқышты сақтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, ол үшін олар арнайы питомниктерде өсіріледі, содан кейін табиғатқа жіберіледі.
Манул – Орта Азия далаларында таралған мысық тұқымдасының жойылып бара жатқан түрі. Жануар мекендейтін басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да оны аулауға тыйым салынды. Сыртқы жағынан, жануар үлкен үй мысықына ұқсайды. Манул мысықтар арасындағы ең қалың жүннің иесі. Манул жабайы мысық, оны қолға үйрету мүмкін емес.


Қаракал немесе дала сілеусіні Орталық Азия шөлдерінде, Каспий теңізінің жағалауында, Маңғышлақ түбегінде, сондай-ақ Африка мен Арабия түбегінде кездеседі. Бұл сирек деп саналатын қаракалдың азиялық кіші түрі. Санының азаю себебі климаттың өзгеруі: суық, ұзақ және қарлы қыс жыртқыштың қозғалуын және қоректенуін қиындатады. Және, әрине, адамдардың қудалауы.
Қазақстанның далаларында, ормандарында және тауларында сіз көптеген керемет көбелектерді кездестіресіз. Бірақ кейбір түрлердің саны соңғы уақытта күрт азайып кетті. Қазақстанның Қызыл кітабына енген көбелектер қазірдің өзінде қорғауға алынған. Төменде Қазақстан аумағында өмір сүретін, жойылып бара жатқан, көбелектердің суретін көре аласыздар.


Бұл сабақта біз қолда бар материалдардан осындай әдемі көбелектердің бірін жасайтын боламыз. Көбелек дайын болғанда оны түрлі түске бояп әдемілеуге болады.
Қолданылған әдебиеттер және қосымша ақпарат:
https://el.kz/ru/news/nauka/top_7_krasnoknizhnih_zhivotnih_kazahstana/
https://www.nur.kz/family/school/1736069-iscezausie-zivotnye-kazahstana-spisok/
https://astana.zagranitsa.com/article/3406/ischezaiushchii-vid-kakie-zhivotnye-zaneseny-v-krasnuiu-knigu-rk
https://www.nur.kz/family/school/1758742-babocki-zanesennye-v-krasnuu-knigu-kazahstana-nazvania/
https://cdn.nur.kz/images/720/122aba9aec76cf22.webp
https://commons.wikimedia.org/wiki/File:DianeJLH.jpg?uselang=ru
Michael M: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/2278165/
<a href=’https://ru.freepik.com/photos/nature’>Nature фото создан(а) vladimircech – ru.freepik.com</a>
Alexas Fotos: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/7060881/
<a href=’https://ru.freepik.com/photos/background’>Background фото создан(а) vladimircech – ru.freepik.com</a>
Практикалық бөлім
Қадам 1. Ұзындығы 15 см болатын сымды аламыз.

Қадам 2. Дөңгелек жасайтындай етіп майыстырамыз.

Қадам 3. Сонан соң 30 см болатын сымды алып майыстырамыз.

Қадам 4. Сымнан дөңгелек шиыршыққа ұқсас етіп карындашты ортасына салып айналдырамыз.

Қадам 5. Суреттегідей болуы шарт.

Қадам 6. Дөңгелекті алып майыстырамыз.

Қадам 7. 5см болатын жерінен қысқышпен қайырамыз.

Қадам 8. Екі жаққа қайырып аламыз. Бір ұшын суреттегідей айналдыра байлаймыз.

Қадам 9. Шығып тұрған, екінші ұшынын ілмек жасаймыз.

Қадам 10. Ілмекті дәл орта тұсына қоямыз.

Қадам 11. Қағаздан көбелек қанатына ұқсас етіп қиып аламыз. 3-4 см 4 қанат шығуы керек.

Қадам 12. Скотчпен сымға бекітеміз. Алдыңғы екі қанатын қысқа 15 см сымға.

Қадам 13. Екінші жақ қанатын да дәл солай бекітеміз. Артқы екі қанатын ұзын 30 см сымға.

Қадам 14. Бастапқы алған 15 см сымның арасынан резіңкені өткіземіз.

Қадам 15. 15 см сыммен резіңкені көбелектің негізгі бөлігіне ілмек арқылы іліп бекітіп ұстатамыз.


Қадам 16. Дайын болғаннан кейін көбелектің жоғарғы жағын жинап біткен соң, бұрайтын болсақ, ол резіңкені айналдырып созады да көбелектің ұшуына мәжбүрлейді.
Қорытынды
Бұл сабақта оқушылар Қазақстанның Қызыл кітабына енген бірнеше жануарлармен, көбелек ттүрлерімен танысты. Жануарлардың жойылып бара жатқан түрлері бар екенін түсініп оларды қорғау керектігін түсінді. Өз қолдарымен көбелек боделін жасап, қарапайым механизм арқылы қанаттарын қозғалтын ұшыру имитациясын жасады.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.
.png?resize=800%2C973&ssl=1)

