1-сабақ

Жоба мақсаты 

– Презентацияда қолдануға болатын 3D голограмма жасау;
– Paint бағдарламасында сурет өңдеу.

Мұғалімге нұсқаулық

– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Сабақтың бірінші бөлігінде пирамида пішінді призма жасап оны тестілеу керек;
– Екінші бөлігінде Paint бағдарламасында суретті өңдеп голограммаға дайындау керек.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

3D голограмма – бұл голография әдісінің арқасында жасалған көлемді сурет. Ауада арнайы лазердің көмегімен үш өлшемді кескін жасалады. Мұндай кескінді барлық жағынан бақылауға, өлшемін өзгертуге, тіпті оған қолмен ұстауға да болады.
Фантастикалық фильмдерде голограммалар адамның немесе заттың үш өлшемді бейнесі ретінде көрсетіледі. Бірақ іс жүзінде олар әлі жоқ. Қазіргі уақыттар ғалымдар осы бағытта жұмыс істеуде.

3D голограммалары әртүрлі салаларда қолданылады. Мысалы, медицинада, оқытуда, маркетинг пен жарнамада, шоу-бизнесте және ойын-сауық саласында.

https://ru.freepik.com/photos/technology’>Technology фото создан(а) rawpixel.com – ru.freepik.com
https://ru.freepik.com/vectors/design’>Design вектор создан(а) freepik – ru.freepik.com

Біздің жағдайда, 3D проекцияларын жасау үшін сізге экранда бір-біріне 90° бұрышта орналасқан арнайы сурет қажет. Голографиялық пирамида – фокустық призма. Төрт суреттің жарығы пирамиданың төрт бетіне түседі, сынады және бір-біріне сәйкес келіп жиналады. Пирамиданың шеттері белгілі бір бұрышта орналасқандықтан, беттері арқылы өтетін суреттердің жарығы сынып және бір нүктеге жиналып бір көлемді суретті құрайды. Сондықтан біздің көздеріміз бір көлемді бейнені көреді.

Практикалық бөлім

1. Қалың мөлдір пленкада суреттегідей сызба салыңыз және кесіңіз: төменгі негіз – 6 см, жоғарғы негіз – 1 см, биіктігі – 4 см.

2. Осындай 4 фигура жасаңыз.

3. Скотч арқылы біріктіріңіз.

4. Пирамидаңызды тексеріңіз. Смартфоннан YouTube-тен “3D hologram” сұранысы бойынша бейнені ашыңыз, пирамиданы ортаға қойыңыз, қараңғылау жерде смартфон экранының жарығын максималды деңгейге қойып нәтижеден ләззат алыңыз.

5. Енді біз 3D голограммасында проекциялау үшін өз кескінімізді жасаймыз. Мұны істеу үшін Интернеттегі кез-келген қара фондағы суретті алыңыз. Жүктеп алыңыз. Мысалы.

https://ru.freepik.com/photos/food’>Food фото создан(а) wirestock – ru.freepik.com

6.  Paint бағдарламасында өңдейміз. 

video
play-rounded-fill

7. Телефонға USB арқылы немесе басқа жолмен жібереміз. Телефондағы суретті ашыңыз. Пирамиданы экранға орналастырыңыз. Дайын.

Егер сіз осындай пирамидаларды жетілдірсеңіз, жаңа өнімдердің презентацияларында, қарапайым суреттерде түсіндіру қиын құбылыстар мен механизмдерді көрнекі түрде көрсету үшін мектептерде оқыту үшін қолдануға болады.
Бұл пирамиданы қалай жақсартуға болады?
Мұндай голограммаларды тағы қайда қолдануға болады?

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:

– Сіз өзіңіз жарықтың сынуын қолданып голограмма алдыңыз, Сіз нағыз ғалым – болашақ физиксіз!
– Сіз үш өлшемді голограмма алу үшін пирамида конструкциясын жасап шығардыңыз, Сіз болашақ инженерсіз!

Бағалау  

PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.