1-сабақ
Жұмыс мақсаты:
— өсімдіктердегі тыныс алу үрдісін зерттеу
— өсімдіктердегі тыныс алу мен фотосинтез үрдістерін ажырата білу
Орындалу уақыты: 10 минут
Бақылау уақыты: 30 минут
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
— Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру
— алынған ақпаратты талдау және қорытындылау
— өз бетінше логикалық қорытынды жасау және қорытынды жасау
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
1.Жобаны бағалау үшін осы материалды (PBL rubrics) оқушыларға келесі мақсаттарда беріңіз:
— оқушылар алдын ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінуі;
— оқушылар әріптестерін өз бетінше бағалай алуы.
2.Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтемені басып қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз: қауіпсіздік ережелері
3.Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
4.Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтемеге өтіңіз: Жұмыс парағы
Қауіпсіздік шаралары:
- Бөтелкеден реагенттерді алу үшін тамшуырларды пайдаланыңыз.
- Тәжірибе кезінде зертханалық қолғап киіңіз.
- Тәжірибе жасағанда химиялық заттарды абайлап ұстаңыз.
- Тәжірибені бастамас бұрын зертханалық нұсқаулықты қараңыз.
- Химиялық заттармен және басқа қышқыл ерітінділермен жұмыс істегенде абай болыңыз.
Теориялық бөлім
Тыныс алу – оттегінің әсерінен тірі жасушалардағы органикалық заттардың ыдырау процесі. Тыныс алу нәтижесінде көмірқышқыл газы мен су түзіліп, тіршілікке қажетті энергия бөлінеді.

Тыныс алу процесі қалай жүреді?
Тыныс алу кезінде өсімдіктер де басқа тірі ағзалар секілді ауадан оттегін сіңіреді. Сонымен қатар, фотосинтез нәтижесінде жасушаларда түзілген оттегін де пайдаланады. Тыныс алу кезінде органикалық заттар су мен көмірқышқыл газына ыдырайды.
Тыныс алу процесі фотосинтез процесіне қарама-қарсы. Тыныс алу өсімдіктердің тіршілік етуінің алғы шарты болып табылады, өйткені ол өсімдік ағзасын тіршілікке қажетті энергиямен қамтамасыз етеді.
Дереккөздер:
- Дыхание у растений — урок. Биология, 6 класс. (yaklass.ru)
- <a href=»https://ru.freepik.com/free-vector/diagram-showing-process-of-cellular-respiration_13753886.htm#query=plant%20respiration&position=8&from_view=search&track=ais#position=8&query=plant%20respiration«>Изображение от brgfx</a> на Freepik
Практикалық бөлім
Бұл жұмыста тұқымдарда тыныс алу үдерісі жүретіндігін және олардың оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөлетіндігін тәжірибе жүзінде дәлелдейтін боламыз. Лабораториялық жұмыс күнінен 2-3 тәулік бұрын үрмебұршақ тұқымдарын алдын-ала өндіріп алу қажет. Өнгіш тұқымдарда тыныс алу үдерісі қарқынды жүреді.
1-қадам. Таза шыны колбаға тұқымдарды салыңыз.
2-қадам. Шыны ыдысқа таза су құйыңыз.
3-қадам. Сынауыққа натрий гидроксиді ұнтағын салып, жіппен байлаңыз. Ескерту! Натрий гидроксиді -күшті сілті, сондықтан онымен жұмыс жасағанда абай болыңыз, міндетті түрде қолғап киіңіз!
4-қадам. Тығынға түтікше диаметрімен бірдей саңылау жасаңыз.
5-қадам. Сынауықты колба ішіне орналастырып, тығынмен жабыңыз.
6-қадам. Түтікшелерден суретте көрсетілгендей етіп, П-пішіндес құрылғы жасаңыз.
7-қадам. Құрылғының бір шетін тығын арқылы өткізіп, екінші шетін суы бар ыдысқа орналастырыңыз.
8-қадам. Тығын саңылауының айналасын ермексазбен бітеп, ауа өтуін болдырмау қажет.
9-қадам. Түтікшедегі судың деңгейін маркермен белгілеп алыңыз. Дайын болған құрылғыны 30 минутқа қалдырыңыз.
Жұмысты қорытындылай отырып, төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:
- Межелі уақыт өткен соң не байқадыңыз? Қандай өзгерістер орын алды?
- Түтікшедегі су деңгейінің өзгеруіне не себеп?
- Тәжірибе нәтижесінің өсімдіктің тыныс алу үдерісімен қандай байланысы бар?
Қорытынды
Бұл практикалық жұмыста оқушылар өсімдіктердегі тыныс алу үрдісінің механизмін зерттеді.
Бағалау
