| Күн тәртібі | Дүйсенбі |
| Күн тақырыбы | Су және оның қасиеттері |
| Балаларды қабылдау | Эмоционалды байланыс құру. Сәлем беріп, күлімдеп, қал-жағдайын сұрау. Балаға таңдауға екі кішкентай сурет береміз: біреуінде өз қалаумен балабақшаны жақсы көріп келдім деген мағынада. Екіншісі, ата-анамның қалауымен келдім деген мағынада. Таңдаған суретті ортақ адаптация кестесіне жабыстырамыз. Шынайы таңдауын көрсеткені үшін алғыс білдіру. (сөйлеуді дамыту). Келгеніне рахмет айтып, баланың жеке суретімен су бөтелкесін береміз. |
| Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Балалардың көңіл күйі, денсаулығы жайында ата-анамен әңгімелесу. |
| Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Балаларға бірнеше дәм мен бояғыштарды таңдауға еркіндік береміз. Әр бала өзінің суын жасап алады және күні бойы соны ішеді. Үстелге үш шыны қоямыз: су, мұз, бу. Балалар судың күйлерін қарастырады, өзара әңгіме құрады. |
| Таңертенгі жаттығу | |
| Таңғы ас | 1.Асқа саппен барарда, қол жуар алдында айтылатын тақпақ: Дос бол, сабын су менен Жиі-жиі жуын сен Таңертең де, кешке де Жуын күндіз түнде де Жуын тамақ алдында Жуын тамақ соңында Жуын ұйықтар кезінде Жуын тұрған мезгілде 2. Тамақ ішер кезде қай тамақта су бар екенін сұрау. Мысалы: Шайда да су бар, Шырында да су бар, Ботқада да су бар, Нанда да су бар, Сүтте де су бар, Сорпада да су бар, Сонда суы жоқ не бар? Мүмкін жауап: Майда су жоқ, Қытырлақта су жоқ… 3.Бата Дәмді тамақ жеп Айтамыз көп рахмет! Дастарханға береке Басымызға мереке Асымызға адалдық Басымызға амандық |
| Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | Шаттық шеңберін өткізу Үлкен шеңбер құрайық Алақанды ұрайық Күлімдесін күнде, Күлімдейік бізде Алақанды ашайық, Күннің нұрын салайық. Таза ауаны жұтайық Жүрекке жылу сыйлайық. Балалар үш үстелдің біреуін таңдап отырады. |
| Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Балалармен үстелдегі судың сипаттамаларын талқылаймыз. Сұрақтарға жауап беру арқылы суды зерттейміз: Балалар, су түсін ауыстыра алады ма? Қай кезде? Ал басқа заттардың түсін ше? Қалайша? Су адамды емдей алады ма? (минералды су) Ұша алады ма? Тістей алады ма? Жапсыра алады ма? Шағыстыра алады ма? Өлең айта алады ма? (өзендер мен сарқырамалардағы судың дыбысы https://youtu.be/ORZwc3NPKro ) Билей алады ма? (видео фонтан https://youtu.be/wrjSaFjEFIs ) Қалайша? Су тағы да не үшін керек? Алдымен балалардың гипотезаларын тыңдап, кейін тексереміз, қорытынды жасаймыз. Суреттер беріледі. Көрдіңіз бе, балалар, су қандай ғажайып! Су кірді кетіреді, бізді еңбекке үйретеді, бәрін суарады. Су сондай таза, пайдалы, қарапайым! Бізде су секілді батыр және жомарт болуға тырысуымыз керек. (сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу). |
| 2- таңғы ас | 1.Асқа отырардың алдында айтылатын өлең: Дос бол, сабын су мен сен Жиі-жиі жуын сен Таңертең де, кешке де Жуын күндіз түнде де Жуын тамақ алдында Жуын тамақ соңында Жуын ұйықтар кезінде Жуын тұрған мезгілде 2.Бата Дәмді тамақ жеп Айтамыз көп рахмет! Дастарханға береке Басымызға мереке Асымызға адалдық Басымызға амандық |
| Серуенге дайындық | Киіну реті. Сурет бойынша киімді киіну ретін үйренеміз. ![Алгоритм одевания и раздевания в детском саду в картинках]() |
| Серуен | Балалар шеңберге тұрады. Тәрбиеші шеңбердің ортасына тұрып, жұмбақ жасырады, жауабын тапқан балалар тәрбиешіні жүгіріп барып құшақтайды. Ойын: Бір екі үш Бойға жинап күш Маған ұқсас дос Қарап тұрма бос Мен сумын, менің достарымның бәрі мөлдір! Тағы не мөлдір болатынын тапсаң, біз дос боламыз. Бір екі үш… Мен қармын, менің достарымның бәрі ақ! Бір екі үш… Мен мұзбын, менің достарымның бәрі ериді! Бір екі үш… Мен қайнаған сумын, менің достарымның бәрі күйдіреді! Бір екі үш… Мен айсбергпын, менің достарымның бәрі жүзеді! Бір екі үш… Мен қар ұшқынымын, менің достарымның бәрі ұшады! Бір екі үш… Мен өзенмін, менің достарымның бәрі ағады! Бір екі үш… |
| Серуеннен оралу | 1. Екеуден сапқа тұру. 2.Өлең жаттаймыз: Алатаудың бауырында Атам-әжем ауылында Ақша бұлттар ауа берші Жау-жау, жаңбыр, жауа берші Бақыт болып жаушы жаңбыр Менің әсем қалама Бақыт болып жаушы жаңбыр Менің әсем далама Алматыдай астанама Жасыл желек жас қалама Бұлттар, бұлттар ауа берші Жау-жау, жаңбыр, жауа берші 3.Cырттан келіп үнемі Сабынмен қол жуамыз Таза болды мұнтаздай Тағамға қол созамыз |
| Түскі ас | 1.Асқа отырардың алдында айтылатын өлең: Дос бол, сабын су мен сен Жиі-жиі жуын сен Таңертең де, кешке де Жуын күндіз түнде де Жуын тамақ алдында Жуын тамақ соңында Жуын ұйықтар кезінде Жуын тұрған мезгілде 2.Бата Дәмді тамақ жеп Айтамыз көп рахмет! Дастарханға береке Басымызға мереке Асымызға адалдық Басымызға амандық |
| Күндізгі ұйқы | Тазалық әдебі: ұйықтар алдында дәретханаға бару. Киім ауыстыру. Шешілген киімді бүктеп қою. Мүмкіндік болса ұл мен қыздарға киім ауыстыратын бұрыштарды бөліп берген дұрыс. |
| Біртіндеп ұйқыдан ояту, сауықтыру шаралары | Су ішу әдебі. Суға кезекке тұру. Қатты су ішкісі келген бала, алдындағы балалардан рұқсат сұрауы. Отырып ішу, үшке бөліп ішу. Көмек сұрау әдебі: балалар кез келген қажеттілігін өтеу үшін үлкендерге айтып көмек сұрау дағдысын дамыту. Мысал: Мен киімді шеше алмай жатырмын, маған көмектесіңізші! Менің қолым ойыншыққа жетпей тұр, әперіп жіберіңізші!
|
| Бесін ас | Практика: Жақсы тілек айтып сусын ішу |
| Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Балалармен әңгіме құрамыз. Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Судың құрамында есте сақтаушы жады бар екенін адамдар дәлелдеген. Яғни, су диктофон сияқты, не естілсе, соның бәрін жазып алып отырады. Естиді, түсінеді, есінде ұзақ уақыт сақтайды. Үлкен шыныға су құйып әр бала бірнеше жақсы сөзден айтады, кейін тәрбиеші сол суды балаларға құйып береді. Күрішпен эксперимент жасаймыз. Бірінші шыныға күріш салып, суға апта бойы жақсы сөздер айтамыз, мақтаймыз. Екінші шыныдағы суға күріш салып жамандаймыз, ұрсамыз. Ал үшінші шыныдағы күрішке мүлдем мән бермейміз, ол жайлы ұмытып кетеміз. Эксперимент бес күн бойы істеледі. Жұма күні шыныдағы күріштердің қалпына қарап қорытынды жасаймыз. Жақсы сөздер айтқан күріш тамыр беріп өсіп бастайды, жаман сөздер естіген күріш қарайып кетеді, ал үшінші шыныдағы күріш көгіреді. Егер адамға жаман, ренжітетін сөз айтса, ол көңілсіз болады, ондай бала ешнәрсе жасағысы келмейді. Күріште солай өспей қояды. Егер ойнамай қойсақ, сөлеспесек, адам жалғыз қалдым деп бақытсыз болады, ашулануы мүмкін, жамандық жасау мүмкін, бұзылады, бұзық балаға айналады, Күріште солай көгіреді Егер жақсы сөз айтсақ адамның көңілі көтеріледі, достары көп болса, бақытты болады, жақсылық жасауды жақсы көреді. Күріште өседі, көктейді. |
| Балалармен жеке жұмыс | |
| Серуенге дайын дық | Киіну реті. Сурет бойынша киімді киіну ретін үйренеміз. |
| Серуен | Крокодил ойыны. Балалар cөз қолданбай, тек қана қимылмен бір біріне суға байланысты келесі сөздері түсіндіреді: Су тамшысы, мұз, қар, жаңбыр, қар ұшқыны, теңіз, шалшық, мұхит. ![Single Water Drop Vector Illustration]() ![Ice cube isolated on white background]() ![Kids sliding on tube and sledge down the hill on winter holiday. Children riding sleds on slope covered with snow in cold snowy weather in December. Boys having fun in frost. Flat vector illustration]() ![Векторный мультфильм девушка с бумажные корабли под дождем]() ![Значок снежинки. Синий силуэт снежный чешуйчатый знак, изолированный на белом фоне. Плоский дизайн. Символ зимы, замороженные, Рождество, Новый год. Графическое оформление элемента. Векторная иллюстрация]() ![Подводный бесшовный пейзаж, мультяшный фон для игрового дизайна]() ![A boy in a yellow raincoat and rubber boots. A puddle after the rain. The boy is playing. Autumn. Cartoon style. Isolated vector image]() |
| Серуеннен оралу | 1. Екеуден сапқа тұру. 2.Өлең жаттаймыз: Алатаудың бауырында Атам-әжем ауылында Ақша бұлттар ауа берші Жау-жау, жаңбыр, жауа берші Бақыт болып жаушы жаңбыр Менің әсем қалама Бақыт болып жаушы жаңбыр Менің әсем далама Алматыдай астанама Жасыл желек жас қалама Бұлттар, бұлттар ауа берші Жау-жау, жаңбыр, жауа берші 3.Cырттан келіп үнемі Сабынмен қол жуамыз Таза болды мұнтаздай Тағамға қол созамыз |
| Кешкі ас | 1.Асқа отырардың алдында айтылатын өлең: Дос бол, сабын су мен сен Жиі-жиі жуын сен Таңертең де, кешке де Жуын күндіз түнде де Жуын тамақ алдында Жуын тамақ соңында Жуын ұйықтар кезінде Жуын тұрған мезгілде 2.Бата Дәмді тамақ жеп Айтамыз көп рахмет! Дастарханға береке Басымызға мереке Асымызға адалдық Басымызға амандық |
| Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Ойланда, белгіле! 1.Логикалық ойын. Балалар берілген суреттерді судың үш күйінің қайсысына байланысты екенін белгілейді. 2. Фонтан жасау https://www.instagram.com/reel/Ch9CmILvTNC/?igshid= MzRlODBiNWFlZA== Сауалнама: Балалар, бүгін сендерге не ұнады? Балалардың жауаптарын сұраймыз. |
| Балалардың үйге қайтуы | Тәрбиешіге осы күн үшін рахмет айту әдебі. Топпен қоштасу. Бүгінгі күн ұнады ма? Мен ертең сені күтемін. Сен ертең келесің ба? Біз ертең тағы да қызықты ойындар ойнаймыз! Адаптация кестесіне, өз көңіл күйін көрсететін суретті жабыстырады. Өз еркімен «Ертең балабақшаға келуге асығамын» деген стикер қоя алады. https://youtu.be/pO_Cb4LQthI су туралы білімдерін бекіту үшін мультфильм көрулерін ұсынамыз. |