Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
— өсімдіктердегі транспирация үдерісінің реттелу механизмін түсіну
-судың булануына ішкі факторлардың әсерін анықтау және жаңа деректер алу
Тәжірибе ұзақтығы: минут
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
Теориялық бөлім
Транспирация – өсімдік жапырақтарындағы судың булану процесі. Ол лептесіктер деп аталатын жапырақтардағы арнайы саңылаулар арқылы жүреді. Бұл процеске әсер ететін кейбір ішкі факторлар:
Лептесіктердің ашылу дәрежесі: Саңылаулар ашық немесе жабық болуы мүмкін. Лептесіктер ашық болғанда транспирация күшейеді, ал жабылғанда азаяды.
Балауыз қабатының болуы: Кейбір өсімдіктердің жапырақтарының бетінде жұқа балауыз қабаты болады. Бұл транспирацияны азайтуға көмектеседі, өйткені балауыз судың жапырақ бетінен тез булануына жол бермейді.
Эпидермис жасушаларының құрылысы: Эпидермис — жапырақтағы жасушалардың жоғарғы қабаты. Егер эпидермистің жасушалық құрылымы өзгерсе, бұл транспирация жылдамдығына әсер етуі мүмкін.
Лептесіктердің пішіні мен мөлшері: саңылаулар әртүрлі пішіндер мен өлшемдерде болуы мүмкін. Кейбір өсімдіктердің жапырақтарында лептесіктер саны көп немесе аз болуы мүмкін, бұл да транспирацияға әсер етеді.
Жапырақтың беттік ауданы: Үлкенірек жапырақтары бар өсімдіктерде транспирация қарқынды жүреді, сондықтан олар көбірек суды буландыра алады.
Дереккөздер:
- Изображение от <a href=»https://ru.freepik.com/free-photo/top-view-of-different-leafs-concept_7666445.htm#query=%D1%80%D0%B0%D0%B7%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D1%8B%20%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B9&position=21&from_view=search&track=ais«>Freepik</a>
- https://ru.freepik.com/free-vector/diagram-showing-plant-cell-with-stomata-and-guard-cell_5983941.htm
Практикалық бөлім
1-қадам. Кобальт хлоридінің 3%-дық ерітіндісін дайындаңыз. Ол үшін 100 мл дистильденген cуға 5 г кобальт хлориді ұнтағын араластырыңыз.
2-қадам. Дайын ерітіндіге фильтр қағаз кесінділерін салыңыз. Қағаз жолақтарын қолмен ұстамаңыз! Пинцет көмегімен жұмыс жасаңыз.
3-қадам. Ерітіндіні өзіне толық сіңірген соң, қағаздарды Петри табақшасына салып, күн сәулесінде кептіріңіз. Кепкен фильтр қағаз түсі көкке боялуы қажет. Көк түсті индикатор жолақтары сумен реакцияға түскенде ашық күлгін түске боялады.
4-қадам. Құрғақ қағаз жолақтарын тығыны бар бөтелкеде сақтаған жөн.
5-қадам. Қағаз жолағының біреуін алып, бірдей төртбұрыштарға кесіңіз.
Зерттеу бөлімі
Бұл тәжірибеде жайқалып өсіп тұрған және жақсы суарылған өсімдікті зерттеуге пайдаланыңыз.
6-қадам. Өсімдіктің жапырағының алдымен үстіңгі кейін астыңғы бетіне индикатор-қағаздарды орналастырып, қос бетін заттық шынымен жабыңыз. Заттық шыныларды жабысқақ таспамен немесе резеңкемен бекітіңіз.
7-қадам. Жапырақты күн сәулесі астында 10-15 минутқа қалдырыңыз.
Берілген уақыт өткен соң, өзгерістерді бақылаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз:
- Жапырақтың үстіңгі және астыңғы бетінде орналасқан қағаздарда қандай өзгеріс байқалды?
- Тәжірибе нәтижесі бойынша жапырақтың қай бетінде транспирация қарқынды жүреді?
- Өз нәтижелеріңізді қорытындылаңыз.
Қорытынды
Бұл тәжірибеде оқушылар тәжірибе арқылы транспирация үдерісінің өсімдік бөліктерінде жүруін қадағалады. Судың булану қарқындылығы өсімдіктің әр бөлігінде әртүрлі екендігіне көз жеткізді. Бұл зертханалық жұмыс өсімдіктердің транспирациясының реттелу механизмдерін және оның өсімдік ағзаларының тіршілігіндегі маңызын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы бар және оларды ауыл шаруашылығында, бау-бақша шаруашылығында және ландшафттық дизайнда өсімдіктерді күтуді оңтайландыру үшін пайдалануға болады.
