Сабақ

Мақсаты:

  • тұрмыстық химия өнімдерін пайдалану ережелерін түсіну
  • тұрмыстық химия өнімдерінің қышқылдық ортасын анықтау
  • синтетикалық жуғыш құралдардың тірі организмге әсері         

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқушыларды топтарға бөліңіз.

Жұмыс парағын жүктеп алыңыз:

Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:

Теориялық бөлім

Тұрмыстық химия — бұл өзімізді, үйімізді және қоршаған ортаны күту үшін күнделікті өмірде химиялық заттарды қалай қолданатынымыз туралы ғылым. Тұрмыстық химияның бірнеше негізгі аспектілері:

  • денені тазартуға арналған жуғыш заттар;
  • ыдысты тазартуға арналған жуғыш заттар;
  • кір жууға арналған жуғыш заттар;
  • үйді тазалауға арналған жуғыш заттар.

Денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау үшін тұрмыстық химияны мұқият және нұсқауларға сәйкес қолдану керек екенін ескеру маңызды.

Практикалық бөлім

Тәжірибе №1.  Төменде келтірілген “кір жууға арналған ұнтақтың химиялық құрамы” кестесін толтырыңыз.

ҚұрамыArielTideМифSarmaЧайка
Беттік белсенді заттар (ПАВ) анионды
Беттік белсенді заттар (ПАВ) неионогенді
Сульфаттар
Фосфаттар
Фосфонаттар
Карбонаттар (кальцинирлі сода)
Силикаттар
Поликарбоксилаттар
Цеолиттар
Сабын
Энзим
Құрамында оттегі бар ағартқыш
Оптикалық ағартқыш
Көбік кетіргіштер
Антиресорбенттер
Хош иістендіргіштер мен хош иістер
Бензилсаллицилат
Гексилкорикалық альдегид
Линалоол

Тәжірибе №2. Синтетикалық жуғыш құралдардың тірі организмге әсері 

Бұл тәжірибеде мүйізжапырақ балдырының тіршілік әрекетіне кіржуғыш ұнтақтың және ыдыс жууға арналған сұйықтықтың қалай әсер ететіні анықталатын болады. 

Қадам 1.

Үш пластикалық стаканға бірдей мөлшерде су құйыңыз.

Қадам 2.

Екінші стаканға 1 қасық кіржуғыш ұнтағын салып, ерітіңіз

Қадам 3.

Үшінші стаканға 1 қасық ыдыс жууға арналған сұйықтық салып, ерітіңіз.

Қадам 4.

Үш стаканға да мүйізжапырақ балдырын салыңыз. Балдырды 20 минутқа суда қалдырыңыз. 

Қадам 5.

Өзгерістерді бақылаңыз. 20 минуттан кейін өзіңіз байқаған өзгерістерді жұмыс парағына жазыңыз.

20 мин
Салыстыру көрсеткіштерітаза сукіржуғыш ұнтақ қосылған суыдыс жууға арналған сұйықтық қосылған су
Түсі
пішіні
күйі

Тәжірибе №3. Ыдыс жууға арналған сұйықтықтардың РН анықтау

Әр ыдыс жууға арналған сұйықтықтың рН ортасын анықтайтын боласыз. Қол терісі үшін ең қолайлы рН = 7. Ыдыс жуу үшін әдетте 7-ге жақын бейтарап рН ерітіндісін қолдану ұсынылады. Егер ерітіндінің рН мәні осы мәннен қышқылдыққа немесе сілтілікке қарай қатты ауытқып кетсе, бұл ыдыс жуудың тиімділігіне және тіпті пайдалану қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Қадам 6.

4 дана стаканды нөмірлеңіз. Әр стаканға әртүрлі ыдыс жуатын ерітіндіден бірнеше тамшы құйыңыз.

Қадам 7.

Стакандарға аз мөлшерде су құйып шығыңыз. Ыдыс жуатын ерітіндіні суда ерігенше араластырыңыз.

Қадам 8.

Индикаторларды стакандағы ерітінділерге бірнеше секундқа салып, РН тексеріңіз.

Қадам 9.

Индикатор қағаздарын қағаздың үстіне қойып, РН эталонды шкала арқылы РН анықтаңыз.

Қадам 10.

Төмендегі кестеге әр сұйықтықтың РН нәтижесін толтырыңыз. 

АтауыРН нәтижелері Орта(сілтілі, бейтарап, қышқылды)
Капля
Effect
Миф
Fairy

Тәжірибе №4. Кір жуғатын ұнтақтың РН анықтау

Қадам 11.

5 дана стаканды нөмірлеңіз. Әр стаканға әртүрлі кір жуатын ұнтақтан жарты қасықтан салыңыз. 

Қадам 12.

Стакандарға орташа мөлшерде су құйып шығыңыз. Кір жуатын ұнтақ суда ерігенше араластырыңыз.

Қадам 13.

Индикаторларды стакандағы ерітінділерге бірнеше секундқа салып, РН тексеріңіз.

Қадам 14.

Индикатор қағаздарын қағаздың үстіне қойып, РН эталонды шкала арқылы РН анықтаңыз.  

Қадам 15.

Алынған РН нәтижелерден кесте жазыңыз.

Кір жуғыш ұнтақтың атауыРН нәтижелері Орта(сілтілі, бейтарап, қышқылды)
Ariel
Tide
Миф
Sarma
Чайка

Қадам 14. 

Сарамандық жұмыс аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне кіржуғыш ұнтақ пен ыдыс жууға арналған сұйықтық қалай әсер етеді? Жасалған тәжірибе арқылы қандай ой түйдіңіз?
  • Ыдыс жууға арналған сұйықтықтардың РН шкалаларын өзара салыстыру арқылы қандай ой түйдіңіз?
  • Тәжірибеде қарастырған ыдыс жууға арналған сұйықтықтардың ішінде қайсысының адамға зиянды әсері төмен, қайсысында жоғары?
  • Кір жууға арналған ұнтақтардың РН шкалаларын өзара салыстыру арқылы қандай ой түйдіңіз?
  • Тәжірибеде қарастырған ұнтақтардың ішінде қайсысының адамға зиянды әсері төмен, қайсысында жоғары?

Қорытынды

Оқушылар бұл сарамандық жұмыста арқылы тұрмыстық химия өнімдеріне зерттеулер жүргізді. Олардың құрамына қарап, өзара салыстырулар жүргізді. Синтетикалық жуғыш құралдардың тірі организмге қалай әсер ететінін бақылап, олардың табиғатқа тигізер зиянды тұстары бар екеніне көз жеткізді. Және тұрмыстық химия өнімдерінің рН ортасын анықтап, адамға зияны аз, қолдануға тиімді түрлерін анықтады.