сабақ1

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Иінтіректің тепе-теңдік шартын анықтау

Жұмыстың мақсаты

  • Тәжірибе арқылы иінтіректің тепе теңдік шартын анықтау;
  • Қауіпсіздік ережесін сақтап білу.

Күтілетін нәтижелер:

  • Иінтіректің тепе теңдік шарты иінтірекке әсер ететін күш, күш иініне кері пропорционалды болуы. 

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз: 
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Иінтіректің тепе теңдік шарты: егер иінтірекке әрекет етуші күштер осы күштердің иіндеріне кері пропорционал болса, онда иінтірек тепе теңдік қалпын сақтайды:

F1/F2 = d2/d1

мұндағы, F1, F2 — күш модульдері, d1, d2 — күш иіндері. 

Күш моменті деп түсірілген күш пен оның иініне көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады: 

М = F d

мұндағы, М — күш моменті, F — күш модулі, d — күш иіні. Күш моментінің өлшем бірлігі: Н*м. 

Иінтіректің тепе теңдік шарты күш моменті арқылы тұжырымдауға болады. Егер иінтіректі сағат тілі бағытымен айналдыратын күштің моменті иінтіректі сағат тілі бағытына қарсы бағытта айналдыратын күштің моментіне тең болса, онда иінтірек тепе теңдік қалпын сақтайды:

М1 = М2 немесе F1 d1 = F2 d2

Дереккөздер:

  1. Иінтіректің тепе-теңдік шарты. (2017). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Рычаг. 

Рычагты қолжетімді заттардан жасауға болады. Ол үшін ыстық желім, картон, ағаш таяқшалар, қыстырғыш, жіп және қапшықтар керек. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам.

Картон тіктөртбұрышты фигураларды кесіп қойыңыз, олар штативтің тірегі болады. Тіктөртбұрыштардың ортасында тесік жасап қойыңыз, тесіктердің өлшемі таяқшалар сиятындай болуы керек. 

2-қадам.

Ыстық кілем қолдана отырып, таяқшалар мен тіректі желімдеп біріктіріңіз. 

3-қадам. Таяқшалардың үстіңгі жағына домалақ таяқшаның ұшын желімдеп қойыңыз. Ол таяқшаға иіндік ілінеді. 

4-қадам.

Өлшемі 32×5 см2 картон қиып қойыңыз. Оның ортасында домалақ тесік жасаңыз, тесіктің өлшемі таяқшаның өлшемінен артық болу керек. Картонда қарындаш пен сызғыш арқылы белгілерді қойып қойыңыз. Енді иіндікті штативке іліңіз.

5-қадам.

Жіп, қыстырғыш пен қапшықтарды ала отырып ілгіштерді жасаңыз, оларды иіндікке іліп қойыңыз.

Тәжірибе.

Жұмыс барысы:  

Осы тәжірибеде біз штатив, рычаг, алты бірдей тиын, қарындаш, сызғыш қажет етеміз. 

1-қадам. Иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңіз, сол жағындағы бір иініне біліктен l1= 6 см қашықтықта үш тиын іліңіз.

2-қадам. Иіндікке қандай күш әсер ететінің есептеңіз:

F1 = m1 g

мұндағы, m1 = 3 m, m – бір тиынның массасы. Деректерді кестеге енгізіңіз.

3-қадам.

Иіндікті тепе теңдікке келтіру үшін, оң жағындағы иіндікке бір тиын іліңіз. Тиынның біліктен l2қашықтықты өлшеп, кестеге енгізіп қойыңыз.

4-қадам. Оң жағындағы иіндікке әсер ететін күшті есептеңіз:

F2 = m2 g

мұндағы, m2 = m, m – бір тиынның массасы. Деректерді кестеге енгізіңіз.

5-қадам.

Енді оң жағына екі тиын іліп, тәжірибені қайталаңыз. 

6-қадам.

Енді оң жағына үш тиын іліп, тәжірибені қайталаңыз.

7-қадам. Иіндіктерге әсер ететін күштердің қатынасын F1/F2 және күш иіндерінің қатынасын l1/lәр тәжірибе үшін есептеңіз. Қорытынды жасаңыз.

8-қадам. Әр тәжірибе үшін F1 және F2 күштер үшін күш моменттерін есептеп қойыңыз:

M1 = F1 l1

M2 = F2 l2

Қорытынды жасаңыз. 

Зерттеу бөлімі

l1, мl2, мF1 , НF2, НF1/F2l2/l1M1, Н*мM2, Н*м
1        
2        
3        

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қай шарт орындалған кезде иінтірек тепе-теңдік күйге келеді? 
  • Тәжірибе жасамас бұрын иінтіректі неге тепе-теңдік күйге келтіру керек?

Қорытынды

Иінтіректің тепе-теңдік шарты — иіндікке әсер ететін күштің күш иініне кері пропорционалды болуы.