Сабақ 1
Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу
Жұмыстың мақсаты:
- Горизонталь лақтырылған дененің бастапқы жылдамдығын анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
- Бастапқы жылдамдық биіктік және ұшу қашықтығы арқылы анықтау болады.
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
Теориялық бөлім
Көлденең лақтырылғын дененің қозғалысы
Горизонталь лақтырылған дене тігінен еркін түсу үдеуімен теңайнымалы, ал көлденеңінен бірқалыпты қозғалады. Бастапқы жылдамдықты ұшу қашықтығы бойынша:

ұшу уақытын дене құлайтын биіктік деңгейі бойынша анықтайды:

Екінші формуланы бірінше формулаға қойып, бастапқы жылдамдықты есептеу формуласын аламыз:

Дереккөздер:
- Түзу сызықты теңайнымалыы қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орын ауыстыру. (2019). Физика. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
- Денелердің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі. (2019). Физика. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық.
Практикалық бөлім
Зертханалық науа. Зертханалық науаны қолжетімді заттардан жасауға болады. Ол үшін ыстық желім, картон, ағаш таяқшалар, қайшы, пластикалық бөтелкелер, кеңсе пышақ керек.
Жұмыс барысы:
1-қадам.
Пластикалық бөтелкелер алып, олардың бөліктерін суретте көрсетілгендей қайшы мен кеңсе пышақпен кесіңіз.

2-қадам.
Пластикалық бөліктерді суретте көрсетілгендей ыстық желім арқылы жабыстырыңыз.

3-қадам.
4 ағаш таяқшаны дайындаңыз және картоннан бірнеше төртбұрышты пішіндерді кесіңіз.

4-қадам.
Суретте көрсетілгендей таяқшалар мен картон пішіндерін жабыстырыңыз. Картон тіктөртбұрыштары білікті тепе-теңдікке келтіру үшін қажет.

5-қадам.
Екінші, кішкентай білік дайындау үшін 2 ағаш таяқша мен тіктөртбұрыштарды дайындаңыз. Оларды суретте көрсетілгендей жабыстырыңыз.

6-қадам.
Енді екі білік пен зертханалық науаның негізін ыстық желіммен жабыстырыңыз.

Енді тәжірибені бастауға болады.
Тәжірибе.
Жұмыс барысы:
1-қадам.
Зертханалық науаны, қағаз парағын және көшірме жасайтын қағазды суретте көрсетілгендей орналастырыңыз.

2-қадам.
Допты науаның бойымен орналастырып, жіберіңіз. Биіктікті сызғышпен, ал қашықтықты көшірме жасайтын қағаз арқылы өлшеңіз. Ақ қағазда құлаған жерінде белгі қалуы керек. Кестеге деректерді енгізіңіз.

3-қадам.
Доптың науа бойымен түсу деңгейін өзгертпей тәжірибені 5 рет қайталаңыз.

4-қадам. Әр тәжірибенің бастапқы жылдамдығын формула арқылы есептеңіз:

Деректерді кестеге енгізіп қойыңыз.
5-қадам. Орташа жылдамдықты анықтаңыз:

6-қадам. Әрбір өлшеу үшін абсолютті қатені анықтай отырып, статистикалық әдіс арқылы өлшеу қателігін бағалаңыз:

Орташа абсолютті қателік:

Салыстырмалы қателік:

7-қадам. Өлшеу нәтижесін келесі түрде жазыңыз:

Зерттеу бөлімі
| № | Биіктік, h, м | Ұшу қашықтығы, l, м | Бастапқы жылдамдық, v0, м/с | Орташа жылдамдық, v0орт, м/с |
| 1 | ||||
| 2 | ||||
| 3 | ||||
| 4 | ||||
| 5 |
Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:
- Неліктен бұл тәжірибелерде доптың науадан төмен түсетін деңгейін өзгерту болмайды?
Қорытынды
Бастапқы жылдамдық құлау биіктігіне байланысты және дененің ұшу қашықтығын анықтайды.
