Сабақ
Мақсаты:
- өсімдік түрлерін анықтау үшін өзіне тән ерекшеліктерін пайдалануды үйрену
- өсімдікке морфологиялық сипаттама жасай алу
Күтілетін нәтижелер:
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
- теориялық білім мен оларды шынайы әлемде қолдану арасындағы алшақтықты жою
- топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру
- алынған ақпаратты талдау және қорытындылау
- өз бетінше логикалық қорытынды жасау және қорытынды жасау
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқушыларды топтарға бөліңіз.
Жұмыс парағын жүктеп алыңыз:
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алыңыз.
Теориялық бөлім
Жіктеу – бұл тірі, сонымен қатар өлі организмдерді де сипаттаумен және жіктеумен айналысатын ғылым.
Таксон – белгілі бір туысқандық дәрежеде бір-бірімен байланысқан және де басқа таксономиялық топтан жеткілікті түрде оқшауланған организмдер тобы. Негізгі таксономиялық санат мыналар: түрі, туысы, тұқымдасы, отряды, класы, типі, патшалығы.
Түр – құрылымы, тіршілік әрекетінің үдерістері бойынша ұқсас, будандасуға және өсімтал тұқым беруге қабілетті дарақтар жиынтығы. Түрлерді анықтау үшін арнайы кестелер, сызбалар, каталогтар әзірленген. Олар өсімдік немесе жануардың суретінен, тірек кестеден және суреттің қысқаша сипаттамасынан тұрады. Қызығушылық тудырған тіршілік иесі нақты қай түрге жататынын білу үшін, арнайы құрал – анықтағыштарды пайдалануды үйрену қажет. Анықтағыштардың көпшілігі «теза» және «антитеза» терминдерін пайдаланып, зерттеліп отырған түрдің морфологиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарай құрылады. Теза – қандай да бір белгінің сипаттамасы. Антитеза – қарама-қарсы белгінің сипаттамасы.
Өсімдікке морфологиялық сипаттама жоспары:
- 1. Өсімдік атауы.
- 2. Тіршілік ету пішіні (ағаш, бұта, бұташық, шөп).
- 3. Біржылдық немесе көпжылдық өсімдік.
- 4. Жерасты және жерүсті бөліктеріне сипаттама.
- 5. Өркенінің типі.
- 6. Жапырағының орналасуы.
- 7. Жапырағы қарапайым немесе күрделі.
- 8. Гүлінің құрылымы.
- 9. Жемісінің типі.
- 10. Өсімдіктің өсетін жері

Дерек көздері:
Жаратылыстану 6 сынып, 2 бөлім, Алматыкітап баспасы, 2019.
Практикалық бөлім
1-тапсырма. Бір өсімдік пен бір жануардың жіктелім жағдайын анықтаңыз.
Өсімдік
- Патшалық –
- Типі –
- Класс –
- Реті (отряд) –
- Тұқымдасы –
- Туысы –
- Түрі –
Жануар
- Патшалық –
- Типі –
- Класс –
- Реті (отряд) –
- Тұқымдасы –
- Туысы –
- Түрі –
2-тапсырма. Гибискус гүліне морфологиялық сипаттама жасаңыз.
- 1. Өсімдік атауы
- 2. Тіршілік ету пішіні
- 3. Біржылдық немесе көпжылдық өсімдік
- 4. Жерасты және жерүсті бөліктеріне сипаттама
- 5. Өркенінің типі
- 6. Жапырағының орналасуы
- 7. Жапырағы қарапайым немесе күрделі
- 8. Гүлінің құрылымы
- 9. Жемісінің типі
- 10. Өсімдіктің өсетін жері
3-тапсырма. Гибискус гүлін жасау
Қадам 1. 8*5 см өлшемде 5 дана қызғылт қағазды алыңыз. Оларды ортасынан үшбұрыш етіп қиыңыз.

Қадам 2. 20 см 5 дана сымды алыңыз. Бір сымға үшбұрышты қызғылт қағаздың ұзын қабырғасын сымға ыстық желіммен желімдеңіз. Екінші үшбұрышты да дәл солай сымға желімдеңіз. Бұл сізде гүл күлтесінің нобайы. Осылай 5 сымға да қызғылт үшбұрышты қағаздарды желімдеп шығыңыз.

Қадам 3. Гүл күлтесін дұрыс пішінге келтіру үшін доға тәрізді етіп сымға жабыстырылған қағаздарды қиыңыз.

Қадам 4. Гүл күлтелерінің жиектерін қайырып шығыңыз.

Қадам 5. 1*8 және 2*8 өлшемде сары қағаз қиып алыңыз. 1*8 өлшемде сары қағазды шпажкаға орап, ұшын желімдеңіз.

Қадам 6. 2*8 өлшемде сары қағаздың жиегін қызыл фломастермен бояңыз. Және сол боялған жағынан ұсақ бөліктерге қағаздың екінші жақ жиегіне 5 мм-дей жеткізбей қиыңыз. Қаламның көмегімен қиылған жиектерін қайырып шығыңыз.

Қадам 7. Жиектері қиылған қағазды алдын сары қағазбен орап дайындап алған шпажкаға айналдыра орай отырып желімдеңіз.

Қадам 8. Осы шпажкаға гүл күлтелерін жіптің көмегімен орап бекітіңіз.

Қадам 9. 2*3 см өлшемде жасыл қағазды алыңыз және 3 см-лік жағынан қайшымен ұсақ бөліктерге қиыңыз. Арасынан бір-бір бөліктен қиып алып тастап отырыңыз.

Қадам 10. Осы қиылған жасыл қағазды гүлдің түбіне ыстық желімнің көмегімен желімдеңіз.

Қадам 11. 7*7 см өлшемде 2 дана жасыл қағазды алыңыз және үшбұрышты етіп қиыңыз.

Қадам 12. 15 см екі сым алыңыз. Бір сымға үшбұрышты жасыл қағаздың ұзын жағын желімдеңіз. Екінші ұшбұрыш бөлігін де желімдеңіз. Екінші сым үшін де осы процесті қайталаңыз. Бұл гүлдің жапырақтарының нобайы.

Қадам 13. Қайшымен жапырақ нобайларын дұрыс пішінге қиып келтіріңіз.

Қадам 14. 1*10 см өлшемде 2 дана жасыл қағазды алыңыз және жапырақ желімделген сымдардың ашық тұрған бөліктерін желімдей отырып орап шығыңыз.

Қадам 15. 1*25 см өлшемде жасыл қағазды алыңыз. Оны шпажкаға желімдеп орап шығыңыз. Орта бөліктерінде екі жапырақты қосып ораңыз.

Қадам 16. 5*5 см өлшемде сары қағазды алыңыз және бір жақ шетін ұсақ ұзынша етіп қиып шығыңыз. Арасынан бір-бір бөліктен қиып алып тастап отырыңыз. Бұл сізде өсімдік тамырын білдіреді.

Қадам 17. Қағаз стаканның түбін үшкір затпен тесіңіз. Сол тесік арқылы гүлдің сабағын өткізіңіз.

Қадам 18. Стаканның астынан шығып тұрған сабақтың бөлігіне тамырды орай отырып желімдеп шығыңыз.

Қадам 19. Гүлді стаканда нық етіп орнығу үшін ермексазбен стаканға бекітіңіз. Осымен гибискус гүлі дайын.

Қадам 20. Гүлдің әрбір бөлігін зерттеп, атауларымен атап шығыңыз.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп қорытынды жасаңыз:
- Жіктеу дегеніміз не?
- Таксон дегеніміз не?
- Түр дегеніміз не?
- Теза және антитеза дегеніміз не?
- Морфологияда өсімдіктердің негізгі мүшелері қандай?
- Тұқымнан жетілген өсімдікке дейін олардың даму процесінде өсімдік морфологиясындағы қандай өзгерістерді байқауға болады?
- Өсімдіктердің морфологиялық бейімделуі олардың әртүрлі табиғи жағдайларда өмір сүруіне қалай мүмкіндік береді?
Қорытынды
Осы сарамандық жұмысты орындау барысында өсімдіктің морфологиясына зерттеу жүргізілді, бұл өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінің құрылымы мен ерекшеліктері туралы білімімізді тереңдетуге мүмкіндік берді. Тамырдың, сабақтың, жапырақтардың, гүл мен жемістің морфологиясын бақылау және зерттеу барысында біз өсімдік түрлерінің негізгі сипаттамалары мен айырмашылықтарын анықтаудың практикалық дағдыларын меңгерді.
