8 сынып. 6 лаб. Сабақ

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Өткізгіштерді параллель жалғауды зерттеу

Жұмыстың мақсаты

  • Параллель жалғау ережелерінің орындалатынын тексеру.

Күтілетін нәтижелер:

  • Параллель жалғанған кезде толық ток күші тізбектің әр бөлігіндегі ток күштерінің қосындысына тең болады;
  • Параллель жалғанған кезде кернеу тізбек бөліктерінде бірдей. 

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Өткізгіштерді параллель жалғау кезінде бір түйінге өткізгіштердің бас жақтарын, екіншісіне ұштарын жалғайды. 

Өткізгіштерді параллель жалғау ережелері:

Дереккөздер:

  1. Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе

Жұмыс барысы:  

1-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастырыңыз. Кілтті тұйықтаңыз. Вольтметрлердің U1, Uкөрсеткіштерін жазып алып, кестеге енгізіңіз. 

2-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастырыңыз. Кілтті тұйықтаңыз. Амперметрлердің көрсеткіштерін жазып алып, кестеге енгізіңіз.  

3-қадам. Формуланың орындалуын тексеріңіз:

4-қадам. Ом заңын қолдана отырып кедергілерін есептеңіз:

Нәтижелерін кестеге енгізіңіз.

5-қадам. Келесі формулаларының орындалуын тексеріңіз:

Есептеулер нәтижесі бойынша қорытынды жасаңыздар. 

Зерттеу бөлімі

U1, ВU2, ВI, АI1, АI2, АR1, ОмR2, ОмR, Ом
        

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Өткізгіштерді параллель жалғау тәсілін не деп атайды?
  • Параллель жалғау кезінде ток күші, кернеу мен кедергі қалай есептеледі?

Қорытынды

Параллель жалғанған тізбек үшін ток күші тізбек бөліктерінде әртүрлі, және олардың қосындысы толық ток күшін береді. Ал кернеу тізбек бөліктерінде бірдей.