8 сынып. 9 лаб. Сабақ
Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Электрмагнитті жинау және оның әрекетін тексеру
Жұмыстың мақсаты:
- Электрмагнит әрекетінің электрмагнит орамындағы ток күшіне және өзекшенің бар жоқтығына тәуелділігін тәжірибе арқылы тексеру;
- Жолақ магнит пен соленоидтағы токтан туындаған магнит өрістерін салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:
- Шарғының магнит өрісі өзекше арқылы арттырыла алады.
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
Теориялық бөлім
Өзекше — шарғының ішіне кіргізілетін темір өзек. Өзекшесі бар шарғыны электрмагнит деп атайды.
Дереккөздер:
- Электрмагниттер және оларды қолдану. (2018). Физика. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.
Практикалық бөлім
Тәжірибе 1. Тогы бар шарғының магниттік қасиеттерінің өзекшеге тәуелділігін зерттеу.
Жұмыс барысы:
1-қадам.
Ток көзінен, кілттен, шарғы және резистордан тізбектей жалғанған тізбек жинаңдар. Кілтті бекітіңдер.

2-қадам.
Магнит тілшенің көмегімен шарғының полюстерін анықтаңдар.

3-қадам.
Магнит тілшені шарғы осімен тілше Жердің магнит сызықтары бойымен бағыттала бастайтындай арақашықтыққа апарыңдар. Шарғының магнит өрісінің тілшеге әсері өте аз. Шарғыға өзекшені кіргізіңдер. Өзекшесі бар шарғының магнит тілшеге әсерін бақылаңдар. Қорытынды жасаңыз.

Тәжірибе 2. Шарғының магнит өрісінің күш сызықтарын жолақ магнит өрісінің күш сызықтарымен салыстыру.
Жұмыс барысы:
1-қадам.
Өзекшесі бар шарғының айналасына магнит тілшелерді орналастырыңдар.

2-қадам. Шарғының магнит өрісінің күш сызықтарын бейнелеңдер. Жолақ магнит пен өзекше бар шарғының магнит өрістерін салыстырыңдар. Қорытынды жасаңыз.
Зерттеу бөлімі
Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:
- Тогы бар шарғының магнит өрісінің сызықтары неге ұқсайды? Олардың бағыты қалай анықталады?
- Тогы бар шарғының магнит өрісінің әсерін қандай әдістермен күшейтуге болады?
- Электромагнит деген не?
Қорытынды
Шарғының магнит өрісі өзекше арқылы арттырыла алады.
