8 сынып. 10 лаб. Сабақ

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Шынының сыну көрсеткішін анықтау

Жұмыстың мақсаты

  • Шынының сыну көрсеткішін анықтау;
  • Алынған сыну көрсеткіштерінің мәнін кестелік мәнімен салыстыру және алынған нәтиженің дұрыстығын бағалау.

Күтілетін нәтижелер:

  • Шынының сыну көрсеткішін сыну заңы арқылы анықтауға болады.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

Жарықтың сыну заңы: түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаның шекарасындағы сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

 

Вакуумнан мөлдір ортаға өткен кезде жарық жылдамдығының қанша есе кемігенін көрсететін шаманы ортаның абсолют сыну көрсеткіші деп атайды. абсолют сыну көрсеткішін n әрпімен белгілейді және мына формула бойынша анықталады:

мұндағы c – жарықтың вакуумдағы таралу жылдамдығы, v – жарықтың орталағы таралу жылдамдығы. 

Дереккөздер:

  1. Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы. Жарықтың толық ішкі шағылуы. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Ақ қағазға жазық параллель пластинаны қойыңдар да, оны қоршап сызыңдар. 

2-қадам. 

Қағазға екі түйреуішті, екеуінің біреуін (2) пластинаға жақын, ал екіншісін (1) өз қалауларың бойынша кез келген жерге кадаңдар. Жарықтың түзу сызықты таралу қасиетін пайдаланып, пластинада екі рет сынған сәуле жүретін түсуді анықтаңдар. Ол үшін 3 және  4 түйреуіштерді пластина артына әрқайсысы бақылаушының көзіне жақын түйреуіштен көрінбей қалатындай етіп қадаңдар. 

3-қадам. 

Қағаз бетінен түйреуіштер мен пластинаны алып тастаңдар. 1 және 2 нүктелері арқылы пластинаға түсетін сәуле жүргізіңдер. 3 және 4 нүктелері арқылы пластинадан шығатын сәулені жүргізіңдер. Түсу нүктесін пластинадан сәуленің шығу нүктесімен жалғаңдар. Алынған сызық – шыныда сынған сәуле. 

4-қадам. Транспортир арқылы түсу бұрышы мен сыну бұрышын өлшеңдер. Келесі формула бойынша шынының сыну көрсеткішін анықтаңдар:

Нәтижені кестелік мәндермен салыстырыңдар. Қорытынды жасаңдар. 

Зерттеу бөлімі

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Жарықтың сыну заңын тұжырымдаңыз.
  • Сыну көрсеткіші белгілі мөлдір ортада жарықтың таралу жылдамдығы қалай анықтауға болады?

Қорытынды

Шынының сыну көрсеткішін сыну заңы арқылы анықтауға болады.