7сынып. 4 лаб. Сабақ
Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Серіппенің қатаңдығын анықтау
Жұмыстың мақсаты:
- Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына график тәуелділігін қолдана отырып серіппенің қатаңдығын анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
- Серпімділік күші серіппенің ұзаруына тура пропорционалды.
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
Теориялық бөлім
Дененің деформациялануы кезінде туындайтын серпімділік күші дененің ұзаруына тура пропорционал. Серпімділік күші келесі формула арқылы есептеледі:

мұндағы Fсерп – серпімділік күші; k – қатаңдық; x – ұзаруы.

мұндағы l – деформацияға ұшыраған дененің ұзындығы; l0 – дененің бастапқы ұзындығы.
Дереккөздер:
- Серпімділік күші. Гук заңы. (2017). Физика. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.
Практикалық бөлім
Тәжірибе 1. Серіппенің ұзаруын анықтау.
Жұмыс барысы:
1-қадам.
Динамометрді штативке бекітіп қойыңыз.

2-қадам.
Динамометрге массасы белгілі жүкті іліп, ұзаруын өлшеңіз. Нәтижесін кестеге енгізіңіз.

3-қадам.
Жүктің массасын арттыра отырып, екінші қадамды бірнеше рет қайталаңыз. Ұзаруын өлшеп, нәтижелерін кестеге енгізіңіз.

Тәжірибе 2. График арқылы қатаңдықты анықтау.
Жұмыс барысы:
1-қадам. Кестедегі өлшеу нәтижелері бойынша, график сызыңыз.
2-қадам. Графиктің ортасында бір нүктені таңдап, серпімділік күші және ұзаруының мәндерін алыңыз.
3-қадам. Алынған мәндер бойынша қатаңдықты есептеңіз, ол үшін Гук заңын қолдаң:

Қорытынды жасаңыз.
Зерттеу бөлімі
| № | Жүктің массасы m, кг | Ауырлық күші F=mg, Н | Серпімділік күші | Ұзаруы |x|, м |
| 1 | ||||
| 2 | ||||
| 3 | ||||
| 4 | ||||
| 5 |
Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:
- Неліктен ауырлық күші серпімділік күшіне тең?
- Орташа мәнді табу үшін графикалық әдіс қандай жағдайда қолданылады?
Қорытынды
Серпімділік күші серіппенің ұзаруына тура пропорционалды.
