Сабақ

Мақсаты: 

  • Қазақстанның Қызыл кітабының маңызын анықтау
  • Қазақстандағы өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлерінің Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілгенін анықтау
  • Қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жайлы зерттеп, ақпарат жинау

Күтілетін нәтижелер:

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  • теориялық білім мен оларды шынайы әлемде қолдану арасындағы алшақтықты жою
  • топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру
  • алынған ақпаратты талдау және қорытындылау
  • өз бетінше логикалық қорытынды жасау және қорытынды жасау         

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Оқушыларды топтарға бөліңіз.
  • Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алыңыз. 

Теориялық бөлім 

Қызыл кітап – сирек кездесетін және жер бетінен біржолата жойылып кету қаупі төнген өсімдік пен жануар, саңырауқұлақ түрлерінің жайы мен таралуы туралы үнемі жаңартылып отыратын мағлұматтар жиынтығын қамтитын ресми құжат.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы екі томнан тұрады: Жануарлар (1-том); Өсімдіктер (2-том). Мемлекеттік тілде және орыс тілінде шығарылады. Қазақстанның Қызыл кітабына 125 түр ғана енгізілген. Олар: балықтардың – 16 түрі; қосмекенділердің – 3 түрі; бауырымен жорғалаушылардың – 10 түрі; құстардың – 56 түрі; сүтқоректілердің – 40 түрі. Мұқабаның қызыл түсі – қауіп белгісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктердің әрбір түрлеріне (түрше, популяция) төмендегідей негізгі мағлұматтар беріледі: 

  • түрдің латын, қазақ және орыс тіліндегі атаулары; 
  • мәртебесі; 
  • сыртқы түрінің суреті; 
  • Қазақстан Республикасындағы картаға түсірілген бұрынғы және қазіргі таралуындағы өзгерістер саны мен қарқыны;
  • саны және ареал өзгерістерінің негізгі шектеуші түрткіжайттары мен себептері; 
  • қолдан жасалған жағдайларда, қамауда өсіру мүмкіндігі туралы ақпараттар; 
  • қорғауға қабылданған және қажетті іс-шаралар; 
  • ақпарат көздері. 
  • Қажет жағдайда организм дамуының жас және маусымдық ерекшеліктерін (балаңқұрт, жұмыртқа салу, қуыршақ, өсімдік бөліктері және т.б.) сипаттайтын сурет келтіріледі.

Дерек көздері:

Жаратылыстану 6 сынып, 2 бөлім, Алматыкітап баспасы, 2019.

Практикалық бөлім

Қадам 1. Ватманға Қазақстанның картасын салыңыз. Әр облысты бөліңіз. 

Қадам 2. Әр облыстан Қазақстанның Қызыл кітабына енген бір жануар немесе бір өсімдік табыңыз. Бұл жобада төмендегі тізімде көрсетілген жануарлар мен өсімдіктер таңдап алынды.

Облыс  атауыҚызыл кітабына енген жануар / өсімдік
қазақшаорысшаағылшынша
Абай Кәдімгі таушымылдықПион уклоняющийся, Пион Марьин Paeonia anomala L
АқмолаАдонис көктемгіАдонис весеннийAdonis vernalis
АқтөбеБобринский жарқанатыКожанок бобринского Eptesicus (Amblyotus) bobrinskii
АлматыБәйшешекШафран алатаускийCrocus alatavicus
АтырауАқ тұңғиықКувшинка белаяNymphaea alba
ШҚОҚар барысы немес ІрбісСнежный барс Panthera uncia
ЖамбылТәңіртау қоңыр аюыТянь-шаньский бурый медведьUrsus arctos isabellinus
ЖетісуҚызыл қасқырКрасный волкCuon alpinus
БҚОШренк қызғалдағыТюльпан Шренка Tulipa suaveolens
ҚарағандыАрқарАрхарOvis ammon collium
ҚостанайКіші аққу Малый лебедьCygnus bewickii
ҚызылордаШағыл мысығыБарханный котFelis margarita
МаңғыстауҚоқиқазФламингоPhoenicopterus
ПавлодарҚызылжемсаулы қарашақазКраснозобая казарка Branta ruficollis
СҚОБұйра лалагүлЛилия кудреватаяLilium martagon
ТүркістанТүркiстан ақ дегелегiТуркестанский белый аистCiconia ciconia asiatica
ҰлытауАқбөкенСайгакSaiga tatarica

Қадам 3. Тапқан жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін жинап, принтерден шығарыңыз. Немесе осы жұмыста көрсетілген жануарлар мен өсімдіктерді сілтеме арқылы өтіп жүктеп ала аласыз: сілтеме. Суреттерді қайшымен қиыңыз.

Қадам 4. Әрқайсысын орналасқан мекеніне желіммен жабыстырыңыз. 

Қадам 5. Суреттердің астына Жануардың не өсімдіктің атауын үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жазып шығыңыз. 

Қадам 6. Жойылу санатын анықтаңыз. Жойылу санаты бес категория бойынша жіктеледі: 

  • 1 санат. Қазақстан аумағында  жоғалу қаупі жоғары түрлер. IUCN Қызыл кітабына енгізілген.
  • 2 санат. Ауқымы мен саны тез азаю үстінде.
  • 3 санат. Сирек кездесетін түрлер. Бірқатар аудандарда саны мен тіршілік ету ортасы азайып келеді.
  • 4 санат. Мәртебесі бойынша анықталмаған. Бұрынғы санаттардың біріне жататын таксондар, бірақ қазіргі уақытта олардың табиғаттағы жағдайы туралы жеткілікті ақпарат жоқ немесе олар басқа санаттардың критерийлеріне толық сәйкес келмейді, бірақ арнайы қорғау шараларын қажет етеді.
  • 5 санат. Мекен ететін жерлерде саны қалпына келтірілетін түр.

Қадам 7. Жойылу санатын көрсету үшін белгіленген түстермен суреттердің сол жағын бояңыз. 

  • 1 санат — қызыл түс;
  • 2 санат — сары түс;
  • 3 санат — ақ түс;
  • 4 санат — сұр түс;
  • 5 санат — жасыл түс.

Қадам 8. Осымен Қызыл кітап дайын. 

Қадам 9. Жұмыс парағына келесі деректерді толтырыңыз.

Облыс  атауыҚызыл кітабына енген жануар / өсімдік атауыТөзімділік дәрежесіҒылыми маңызы
қазақшаорысшаағылшынша
Абай 
Ақмола
Ақтөбе
Алматы
Атырау
ШҚО
Жамбыл
Жетісу
БҚО
Қарағанды
Қостанай
Қызылорда
Маңғыстау
Павлодар
СҚО
Түркістан
Ұлытау

Қадам 10. Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз.

  • Қазақстанның Қызыл кітабының міндеті қандай?
  • Қазақстанның Қызыл кітабына енген үш өсімдік пен үш жануарға мысал келтіріңіз.
  • Жануар мен өсімдік түрлері Қызыл кітапқа енгізілмес үшін не істеуге болады деп ойлайсың?

Сарамандық жұмысты орындау барысында оқушылар Қазақстанның қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктер жайлы ақпараттар жинап, танысты. Олардың жойылу дәрежелерін анықтады. Қызыл кітапты қолдан жасау жұмыстың маңызды кезеңіне айналды, бұл оқушыларға алған білімдерін визуализациялауға және жүйелеуге мүмкіндік берді. Осы бірегей анықтамалыққа енгізілген әрбір түр қоғамның ерекше қорғауы мен назарын қажет ететін табиғи мұра туралы «жазба» түріне айналды.