1-сабақ

Жұмыстың мақсаты:

  • әр түрлі заттардың (спирт, хлоргексидин, йод, сабын және т.б.) бактерияға қарсы қасиеттерін зерттеу.
  • олардың бактерия өсуіне қарсы салыстырмалы тиімділігін салыстыру.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:

  •  Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
  •  алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
  •  өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Тапсырма  3 адамнан тұратын топтарда орындалады
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:

Теориялық бөлім

Бактериялардың ауру тудырғыш түрлері патогендер деп аталады. Олар өте тез көбейеді.

Бактериялардың көбеюі мен таралуын қалай тоқтатуға болады? Бактерияларды өлтірудің немесе олардың көбеюіне жол бермейтін көптеген химиялық әдістер бар.

  • Антисептиктер. Бұл құралдарды тірі ұлпаларға, соның ішінде адам терісіне тікелей қолдануға болады.
  • Дезинфекциялау құралдары. Бұлар тірі ұлпалар үшін қауіпсіз емес. Сондықтан дезинфекциялау құралдары әдетте дәретханаларды, раковиналарды, едендерді және т. б. тазалау үшін қолданылады.
  • Антибиотиктер. Олар тірі ағзадағы бактериялардың жасушаларын қалыпты жасушаларға зақым келтірместен өлтіреді. Антибиотиктер тірі ағзада пайда болатын көптеген ауру-сырқаттарды емдеуге кеңінен қолданылады, тіпті  өлімге әкелетін ауруларды, мысалы, скарлатинаны емдей алады. 

Практикалық бөлім

Бұл тәжірибе мысалында этил спирті және хлоргексидин антисептиктері қолданылды. Сіз сонымен қатар, йод, антибактериальды сусабын немесе сутегі асқын тотығы секілді басқа да зарарсыздандырушы сұйықтықтарды өз тәжірибеңізде пайдалана аласыз.

1-қадам. Фильтр қағаздан кішкене шаршылар кесіңіз.

2-қадам. Шаршыларға сыналатын сұйықтықты (йод, спирт, сабын және т.б.) құйыңыз.

3-қадам. Қоректік ортаны дайындау нұсқаулығын көру үшін алдыңғы зертханалық жұмыс сілтемесіне өтіңіз.

4-қадам. Бактерия культурасын қоректік ортаға отырғызыңыз.

5-қадам. Жеткілікті арақашықтық сақтай отырып, шаршы қағаздарды агар ортасына орналастырыңыз.

6-қадам. Сынама табақшаларын белгілеп, таспамен бекітіңіз .

7-қадам. Петри табақшаларын төңкеріп, оны бактерияларға қолайлы температурада (37градус) белгілі бір мерзімге (24-48 сағат) инкубациялаңыз.