Гук заңы

Hooke’s Law by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Гук заңы

7 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділігін анықтау;
  • Серпімділік күшінің серіппенің қатаңдығына тәуелділігін анықтау.

Күтілетін нәтижелер:

  • Серпімділік күші серіппенің ұзаруына және серіппенің қатаңдығына тура пропорционал.

Практикалық бөлім

Виртуалды эксперимент жасау үшін “Intro” таңдаңыз.

Виртуалды зертхана осылай көрінеді.

1-бөлім. Гук заңын дәлелдеу

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Серіппеге күш салыңыз. Серіппе белгілі бір дәрежеде созылады.

2-қадам. Салынған күшті арттырып серіппенің ұзаруы артқанын тексеріңіз.

3-қадам. Алдыңғы қадамды қайталаңыз.

4-қадам. Енді күшті қарсы бағытта қолданып көріңіз, серіппені қысылады. Егер сіз күшті арттырсаңыз, серіппенің қысылуы артады ма? Қорытынды жасаңыз.

2-бөлім. Серпімділік күшінің серіппенің қатаңдығына тәуелділігі

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Қатаңдықтары әртүрлі екі серіппені таңдаңыз.

2-қадам. Оларға тең күштер түсіріп, ұзартуларды салыстыр.

3-қадам. Қатаңдығы жоғары серіппеге көбірек күш салыңыз. Екі серіппелердің ұзарулары тең болмағанша, серіппеге салынған күшті арттыра беріңіз. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Гук заңы дәлелденді, серпімділік күші серіппенің созылуы мен қатаңдығына тура пропорционал.

Глоссарий

Applied force — Қолданылатын күш

Spring force — Серпімділік күші

Displacement — Орын ауыстыру

Equilibrium position — Тепе теңдік орны

Values — Сандық мәндер

Spring constant — Серіппенің қатаңдығы