Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі 

Balloons and Static Electricity by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі 

8 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Электрлену процесін көрсету;
  • Аттас және әр аттас зарядтардың бір-бірімен әрекеттесуін көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

  • Екі бейтарап дене бір-біріне үйкелеу арқылы электрленуі мүмкін;
  • Аттас зарядтар кері тебіледі, ал әр аттас зарядтар тартылады.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Виртуалды лабораторияға кішігірім инструкция.

1-бөлім. Электрлену процесі

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Шарды жемпірге ысқылаңыз. Не болады? Шар жемпірге тартылады.

2-қадам. Шар теріс зарядталатынына және жемпір оң зарядталатынына назар аударыңыз. Қорытынды жасаңыз.

2-бөлім. Зарядталған денелердің әрекеттесуі

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Тағы бір шарды алып, жемпірге ысқылаңыз.

2-қадам. Екі шарды да алыңыз, олар бір-бірімен қалай әрекеттеседі?

3-қадам. Екі шардың да теріс зарядталғанына назар аударыңыз. Қорытынды жасаңыз.

3-бөлім. Зарядталған денелердің бейтарап денелермен әрекеттесуі

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Бір допты алып, қабырғаға жақындатыңыз. Не болады? Қабырға бейтарап болса да, шар қабырғаға тартылады.

2-қадам. Қабырғадағы теріс зарядтардың аздап ығысатынын байқаңыз.

3-қадам. Түймені басу арқылы қабырғаны алып тастаңыз. Әрі қарай не болады? Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Екі бейтарап денені бір-біріне үйкелу арқылы электрлендіруге болады. Аттас зарядтар кері тебіледі, ал қарама-қарсы зарядтар тартылады.


Глоссарий

Show all charges — Бүкіл зарядтарды көрсету

Show no charges — Зарядтарды көрсетпеу

Show charge differences — Зарядтардың айырмашылығын көрсету

Reset balloons — Шарларды қалпына келтіру

Remove wall — Қабырғаны алып тастау