Молекула геометриясы
Molecule Shapes: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жобаның атауы: Молекула геометриясы
Бұл виртуалды зертхана химия сабақтарында келесі тақырыптар бойынша пайдалануға арналған:
- 8 сынып. IX тарау. «Химиялық байланыстың түрлері».
Мақсаттар:
- молекула құрылымын және химиялық байланыстарды зерттеу
- табиғатта таралған молекулаларды талдау
Тәжірибелік бөлім
Бұл симуляция оқушыларға атомдардың қалай байланысатынын және нәтижесінде пайда болатын молекула құрылымдарын зерттеуге мүмкіндік береді.
1. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге қолданысқа екі түрлі режим беріледі: «Модель» және «Нағыз молекула». «Модель» режимін таңдаңыз.

«Модель» режимі
Бұл режимде сіз жаңа молекулалар құрастыра аласыз!
2. Экранның ортаңғы бөлімінде бір орталық атомы және екі дара байланысқан атомы бар молекуланың 3D моделін көресіз. Оны жақсырақ бақылау үшін тінтуірдің сол жақ батырмасын басып, әр түрлі бағытта қозғалтуға болады.

3. Экранның оң жағында орналасқан сәйкес суреттерді таңдай отырып, үлгіге дара, қос немесе үштік байланысқан атомдарды қосыңыз. Атомдарды қосқанда молекуланың пішіні қалай өзгеретінін бақылаңыз.



4. Атомдарды бір-бірден жою үшін қызыл түймені немесе барлығын бірден жою үшін сары түймені басыңыз.

5. «Name» бөліміндегі «Molecule geometry» түймесіне құсбелгі қою арқылы болжанған молекулалық пішін атауын көре аласыз (мысалы, тетраэдрлік, сызықтық).



6. «Options» бөліміндегі «Show bond angles» түймесіне құсбелгі қою арқылы байланыстар арасындағы бұрыштарды көрсетеді. Атомдарды әр қосқан сайын бұл бұрыштардың қалай өзгеретінін қадағалаңыз.



7. «Reset» батырмасын басу арқылы симуляцияны қайта бастаңыз.

8. Құралдарды зерттеуге және әртүрлі молекулалық пішіндерді жасауға уақыт бөліңіз. Сіз қанша молекула пішіндерін құрастыра алдыңыз? Олардың барлығы табиғатта нақты кездеседі ме? Талдау жүргізіңіз.
“Нағыз молекула” режимі
Төмендегі навигация панелі арқылы келесіге режимге өтіңіз. Бұл режимде сізге зерттеу үшін дайын молекулалардың 3D кеңістіктегі құрылымы көрсетіледі.

9. Оң жақта орналасқан ашылмалы мәзірден зерттелетін молекуланы таңдаңыз.

10. Экранның ортаңғы бөлімінде таңдалған молекуланың 3D құрылымы көрсетіледі.

11. «Name» және «Оptions» бөлімдерінде берілетін ақпарат алдыңғы режиммен сәйкес.

12. Берілген молекулаларды талдап, химиялық байланыстардың саны сол байланыстар арасындағы бұрыштарға қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.



Қорытынды
Бұл виртуалды зертхана оқушылардың молекула пішіндері мен химиялық байланыстар туралы іргелі түсініктерін қалыптастыруға көмектеседі. Виртуалды молекулаларды құру және алдын ала құрастырылған мысалдарды бақылау арқылы оқушылар молекулалардың үш өлшемді құрылымдарын визуализациялау және болжау бойынша құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл интерактивті құрал молекулалық химия әлемін тереңірек бағалауға ықпал ете отырып, теориялық тұжырымдамалар мен практикалық түсініктер арасындағы көпір қызметін атқарады.
Терминдер сөздігі
- molecule shape — молекула пішіні
- molecule geometry — молекула геометриясы
- bond angle — байланыс бұрышы
- linear — сызықтық
- trigonal planar — жазық үшбұрыш
- tetrahedral — тетраэдрлік
- trigonal bipyramidal — тригоналды бипирамида
- octahedral — октаэдрлік
