Авогадро заңы
Gases Intro by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба атауы: Авогадро заңы
Бұл виртуалды зертхана келесі тақырыптар бойынша химия сабақтарында пайдалануға арналған:
- 8 сынып. V тарау. «Стехиометриялық есептеулер».
Мақсаты:
- «Gas intro» PhET виртуалды симуляциясы арқылы Авогадро заңын зерттеу.
- Бірдей жағдайларда (температура мен қысымда) әртүрлі газдардың тең көлемінде молекулалардың саны бірдей болатындығын көрсету
Тәжірибелік бөлім
“Gas Intro” PhET симуляциясын қолдану арқылы біз сіздермен Авогадро заңын зерттейтін боламыз.
1. Симуляцияны іске қосыңыз. Сізге екі режим беріледі: “Intro” және “Laws”. “Laws” режимін таңдаңыз .

2. Құралдармен таныс болыңыз.

Виртуалды тәжірибе
Авогадро заңы: “Бірдей жағдайда (температура мен қысымда) әртүрлі газдардың тең көлеміндегі молекулалар саны бірдей болады.”
3. Екі симуляция қосымшасын қатар қосыңыз: Ол үшін компьютерде немесе ноутбукта «Разделенный экран» режимін пайдаланыңыз.

4. Hold constant бөлімінде тұрақты шаманы орнатыңыз — Volume(V). Width бөліміне құсбелгі қойыңыз. Енді сізде екі жағдайда да көлем шамасы бірдей.

5. Текшеге екі түрлі газды жіберіңіз: біреуі ауыр, екіншісі жеңіл. Ол үшін сорғы поршенін жоғары және төмен жылжытыңыз. Екі жағдайда да қысым манометрі мен термометрге назар аударыңыз.

6. Тәжірибені бірнеше рет қайталаңыз.Сіз не байқадыңыз? Көлемі бірдей болса, газдың түріне тәуелсіз екі текшеде де қысым мен температура бірдей болады. Бұл тәжірибе Авогадро заңын дәлелдей ме?

Қорытынды
Жұмыс барысында “Gas Intro” PhET виртуалды симуляциясын пайдалана отырып , Авогадро заңын растайтын тәжірибе жүргізілді. Бірдей көлемде әртүрлі газдары бар ыдыстардағы қысым мен температура газдың түріне қарамастан бірдей көрсеткішке ие екені дәлелденді. Бұл әр түрлі газдардың бірдей көлемдегі, бірдей шарттардағы (температура мен қысымдағы) молекулалардың саны бірдей болатындығын айқын көрсетеді.
Терминдер сөздігі
- Volume — Көлем
- Pressure — Қысым
- Temperature — Температура
- Heavy gas — Ауыр газ
- Light gas — Жеңіл газ
