Конденсаторлар
Capacitor lab: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Конденсаторлар
10 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Конденсатор сыйымдылығы не екенін зерттеу және ол неге тәуелді екенін анықтау.
Практикалық бөлім
Виртуалды экспериментті бастау үшін “Capacitance” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Конденсатор пластиналарының қабаттасу аймағын арттырыңыз. Сыйымдылық қалай өзгереді?

2-қадам. Пластиналар арасындағы қашықтықты азайтыңыз. Сыйымдылық қалай өзгереді?

3-қадам. Конденсатор пластиналарының қабаттасу аймағын азайтыңыз. Сыйымдылық қалай өзгереді?

4-қадам. Пластиналар арасындағы қашықтықты арттырыңыз. Сыйымдылық қалай өзгереді?

5-қадам. Қорытынды жасаңыз. Ең аз болатын сыйымдылық қандай? Максималды сыйымдылық қандай?
Қорытынды
Сыйымдылық пластиналардың қабаттасу аймағына және конденсатор пластиналарының арасындағы қашықтыққа тәуелді. Сыйымдылық ауданға тура пропорционал және пластиналар арасындағы қашықтыққа кері пропорционал. Соңында, ең төменгі сыйымдылық 0,09 пФ, ал максималды сыйымдылық — 1,77 пФ.
Глоссарий
Capacitance – Конденсатор сыйымдылығы
Top plate charge – Жоғарғы пластинаның заряды
Stored energy – Конденсатордың энергиясы
Separation – Пластина арасындағы қашықтық
Plate area – Пластинаның ауданы
Plate charges – Пластиналардың зарядтары
Bar graphs — Гистограммалар
Electric fields – Электр өрістері
Current direction – Ток бағыты
Voltage — Кернеу
