Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- Сірке қышқылының жұмыртқа қабығына әсерін зерттеу.
- Кальций карбонатының қышқылдағы ерігіштігін бақылау.
- Кальцийдің адам ағзасындағы рөлі туралы қорытынды жасау.
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма жұппен орындалады
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Кальций-адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті маңызды макроэлементтердің бірі. Ол сау сүйектер мен тістерді қалыптастыруда және сақтауда, қанның ұюында, бұлшықеттердің жиырылуында, жүйке импульстарының берілуінде және басқа да көптеген тіршілікке қажетті процестерді реттеуде шешуші рөл атқарады.

Жұмыртқа қабығы кальцийдің оңай қол жетімді және арзан көзі болып табылады. Ол негізінен кальций карбонатынан (CaCo₃) иұрады.
Сірке қышқылы (CH₃COOH) — жұмыртқа қабығындағы кальций карбонатымен әрекеттесуге қабілетті әлсіз қышқыл.

Практикалық бөлім
1-қадам. Мөлдір стаканды алыңыз да, оған шикі тауық жұмыртқасын ақырын салыңыз. Стақанды жұмыртқа батып тұратындай мөлшерде сірке суымен толтырыңыз.


2-қадам. 24 сағатқа қалдырыңыз. Орын алып жатқан өзгерістерді мезгіл-мезгіл бақылаңыз. Қабықтың бетінде газ көпіршіктерінің пайда болуына және оның сыртқы түрінің өзгеруіне назар аударыңыз.

3-қадам. Нәтижелерді талдау: көрсетілген уақыттан кейін жұмыртқаны сірке суының ерітіндісінен алыңыз. Оны ағынды сумен ақырын шайып, мұқият тексеріңіз. Жұмыртқаның бастапқы күйін ақырлы күймен салыстырыңыз. Барлық байқалған өзгерістерді жазыңыз: қабықтың жоғалуы, ақуыздың мөлдірлігінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы және т. б.


4-қадам. Бақыланған химиялық реакцияның теңдеуін жазыңыз.
5-қадам. Химиялық реакциялар және жұмыртқа қабығының құрылымындағы кальцийдің рөлі туралы қорытынды жасаңыз. Жұмыс парағындағы кестені толтырыңыз:
Кесте 1.
| Уақыт | Бақылаулар | Қорытынды |
Қорытынды:
Бұл зертханалық жұмыс оқушыларға кальцийдің қасиеттері мен адам денсаулығы үшін маңыздылығы туралы көбірек білуге көмектесті.
