Сабақ

Жұмыстың мақсаты:

  • Қышқылдардың металдармен әрекеттесуі кезінде сутек газының бөлінуін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  •  Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
  •  алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
  •  өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Тапсырма  жұппен орындалады
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:

Теориялық бөлім

Металдардың қышқылдармен реакциясы


Мырыш, магний және темір сияқты металдар қышқылдармен әрекеттесіп, газ тәрізді сутегіні бөле алады. Бұл реакциялар металл қышқыл құрамындағы сутегінің орнын бастаныдықтан жүреді. Бұл металдар мен қышқылдардың қасиеттерін көрсететін химияның маңызды бөлігі. Магнийдің тұз қышқылымен әрекеттесуін қарастырайық:


магний + тұз қышқылы = магний хлориді + сутегі ↑


Реакция нәтижесінде тұз — магний хлориді (MgCl₂) түзіледі және газ күйінде сутегі (H₂) бөлінеді.

Сутегі дегеніміз не?


Сутегі — түссіз, иіссіз, жеңіл газ. Ол ең жеңіл газ болып табылады және ауамен немесе оттегімен араласқанда жарылғыш қасиетке ие. Реакция кезінде сутегінің бөлінгеніне көз жеткізу үшін оны тұтандырады, егер газ қатты дыбыс шығарып жанса, бұл сутегінің бар екенін растайды.

Неліктен мұндай реакциялар жүреді?


Металдар белсенділік қатарында сутегіден жоғары орналасса, олар сутегіні қышқылдан ығыстырады. Мысалы, мырыш сутегіден жоғары, сондықтан ол қышқылдан сутегіні ығыстыра алады. Нәтижесінде мырыш тұзға (ZnCl₂) айналады, ал сутегі газ түрінде бөлінеді.


мырыш + тұз қышқылы = мырыш хлориді + сутегі ↑

Практикалық маңыздылығы


Мұндай реакциялар тек зертханада ғана емес, шынайы өмірде де маңызды. Олар сутегін өндіруде және әртүрлі химиялық заттар өндіруде қолданылады.

Практикалық бөлім

1-қадам. Барлық қажетті материалдарды дайындаңыз: сұйылтылған тұз қышқылы (HCl), түйіршіктелген мырыш, шыны колба, әуе шары. Тәжірибеде тұз қышқылы ретінде тұрмыстық тазалағыш құрал қолданылады. 

Маңызды: Қышқылдармен жұмыс істегенде, қол терісін химиялық күйіктерден қорғау үшін міндетті түрде қолғап киіңіз. 

2-қадам. Шыны колбаға 50 мл 9%-дық тұз қышқылының ерітіндісін құйыңыз. Ерітінді колбаның түбін жауып, реакцияға жеткілікті көлемді қамтамасыз етуі керек.

3-қадам. 7–8 түйіршіктелген мырышты әуе шарының ішіне салыңыз. 

4-қадам. Шарды колбаның аузына абайлап кигізіңіз. Содан кейін мырыш түйіршіктері ерітіндіге түсу үшін шарды ақырын көтеріңіз. 

5-қадам. Реакцияны бақылаңыз. Мырыш қышқылмен бірден реакцияға түсіп сутегі газының көпіршіктері бөліне бастайды. Бұған дәлел — біраз уақыт өткеннен кейін шардың үріле бастағанын байқайсыз. 

6-қадам. Сутекке сапалық реакция жүргізіңіз. Шар жеткілікті түрде газбен толғаннан кейін, оны колбадан алып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, колбаның ашық ұшына жанған шырпыны жақындатыңыз. 

7-қадам. Не естідіңіз? Өз бақылауларыңызды (реакция жылдамдығы, газдың бөлінуі) сипаттап, реакция барысы туралы қорытындылар жасаңыз.  Жұмыс парағына енгізіңіз.

video
play-rounded-fill

Қорытынды

Тәжірибе нәтижесінде мырыштың тұз қышқылымен әрекеттесіп, сутегін түзетіні дәлелденді. Газдың бөлінуін және оның жануын бақылау арқылы сутекке сапалық реакцияның дұрыстығы расталды. Бұл тәжірибе металдардың қышқылдармен реакциясы мен сутегінің химиялық элемент ретіндегі қасиеттерін көрсетті.