Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:  

** бірдей сандар мен пішіндерге байланысты басқатырғыштарды, ребустарды шешу

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Сабақтың басында оқушылармен бірге “пішіннің түрлері”, “қозғалыс” ұғымдарын талқылаңыз.

Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.

Қайшымен, шпажкамен (бізбен) жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Біз айналамызға қарасақ, әртүрлі пішіндерді көре аламыз. Мысалы, терезе — шаршы, сағат — шеңбер, ал шатыр — үшбұрыш сияқты. Бұл — геометриялық пішіндер. Олар: шеңбер, үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш және тағы басқалар. Әр пішіннің өзіндік бұрышы, қабырғасы мен пішіні бар.

Бүгін біз сол пішіндерден қозғалатын сурет құрастырамыз! Яғни пішіндеріміз тек қағазда жабысып жатпайды, олар айналады, тербеледі, қозғалады! Мұндай қозғалатын суреттерді «кинетикалық пішіндер» деп атайды.

Композиция дегеніміз — пішіндерді әдемі әрі дұрыс орналастыру. Егер барлық пішін бір жақта болса, ол дұрыс көрінбейді. Сол себепті пішіндерді теңдей, тепе-тең етіп орналастыру керек. Кейбір пішіндер қозғалатын болады, ал кейбірі орнында тұрады.

Бүгін біз өзіміздің жеке көркем, қозғалмалы суретімізді жасап, оның қалай жұмыс істейтінін бақылап көреміз!

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Қара түсті қатты қағаздан 20*20 см шаршы қиыңыз. Оны гофра картонның үстіне желімдеңіз. Бұл сізде фон болады.

2-қадам. Түрлі түсті картон қағаздардан пішіндер жасап қиыңыз. Пішіндердің әртүрлі көлемде болғаны жақсы (үлкен және кіші). Геометриялық пішіндердің ұсынылған өлшемдері:

Үшбұрыштар:
1. Қабырғалары: 5 см * 5 см * 5 см — 2 дана

Шаршылар:
2. Жағы: 4 см * 4 см — 1 дана
3. Жағы: 5 см * 5 см — 1 дана

Шеңберлер:
4. Диаметрі: 5 см — 1 дана
5. Диаметрі: 7 см — 1 дана

Тіктөртбұрыштар:
6. Ұзындығы: 6 см, ені: 3 см — 1 дана
7. Ұзындығы: 8 см, ені: 2,5 см — 1 дана

8. Ұзындығы: 10 см, ені: 2 см — 1 дана

3-қадам.  Пішіндердің бір шетінен шпажкамен (бізбен) кішкентай тесік жасап алыңыз. Үлкен шеңберге фломастермен параллель екі түзу сызыңыз.

4-қадам. Металл түйреуішпен (брадспен) оларды бір-біріне немесе фонға бекітіңіз. Кейбір пішіндерді бір-біріне қосып, айналатын немесе қозғалатын элементтер жасаңыз.

5-қадам. Енді композиция құрыңыз. Кейбір пішіндерді желіммен жабыстырып, ал кейбірін брадспен бекітіңіз. Композицияны құрастырған кезде қозғалыс, симметрия сияқты элементтерді байқап көріңіз. 

Дайын! 

Пішіндерді қозғалтып әртүрлі формалар құрып, қозғалтыңыз. Зерттеу жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз: 

Пішіндер қалай қозғалады?
Қай пішіндер айналады,ал қайсысы тек бір бағытта тербеледі?
Егер пішіндердің байланыс нүктесін өзгертсек, қозғалыс өзгере ме?
Қай пішіндерді алмастырсаң, композицияның жалпы түрі қалай өзгереді?

Қорытынды

Жобаның нәтижесінде әр оқушы өзінің жеке шығармашылық жұмысын жасап шықты. Оқушылар тек қолөнермен айналысып қана қоймай, қозғалыс пен пішін арасындағы байланысты зерттеді. Бұл жоба оқушылардың шығармашылық, логикалық, моторлық және эстетикалық дағдыларын дамытуға үлкен үлес қосты. 

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!