Сабақ
Жобаның мақсаты:
Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
Жобаны бастамас бұрын оқушылармен бірге “ежелгі қазақ жерін мекендеген тайпалар”, “сақ”, “сақ мәдениеті”, “сақтардың өмір салты” сияқты тарихи деректерді түсіндіріңіз.
Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Сақтар — Қазақстан аумағында ерте темір дәуірінде өмір сүрген көшпелі тайпалар. Олар батырлығы мен ержүректігімен танылған. Сақтардың күнделікті өмір салты көшпелі мал шаруашылығына негізделді. Сонымен қатар, қолөнер де жақсы дамыған. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер, қанжар т. б. жасаған. Археологиялық қазбалардан табылған бұйымдар — олардың шеберлігінің дәлелі.
Адам өз тегін табиғатпен байланыстырып, өздерін сонын бөлшегі деп есептеді. Әрбір ру тайпаның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жолбарыс, дала бүркіті т. б. аңдар болып есептеліп, сондықтан аң бейнелері бар заттар қасиетті тұмар немесе бойтұмар саналды. Сондықтан олардың зергерлік бұйымдары көбінесе алтыннан жасалған және жануарлар бейнесімен өрнектелген.

Сақ өнерінің жарқын үлгісі — «Алтын адам». 1969 жылы Алматы облысындағы Есік қорғанынан табылған бұл археологиялық олжа — жас сақ жауынгерінің алтынға көмкерілген киімі. Оның киімі мен бас киімі 4000-нан астам алтын әшекеймен безендірілген. Бұл жауынгердің жоғары мәртебесін, сақтар арасындағы әлеуметтік жіктелісті және олардың шебер зергерлік өнерін көрсетеді.
Біздің осы жобада жасайтын жүзікте сақ ханзадасының қолынан табылған жүзіктегі сурет бейнеленген.

Тәжірибелік бөлім
1-қадам. Берілген суреттерді сілтеме арқылы өтіп, қағазға басып шығарыңыз. Сілтеме. Суреттерді қиып алыңыз.
Алқа жасау
2-қадам. Тарелканы ортасына жартылай шеңбер сызып, суреттегідей етіп қиып алыңыз.

3-қадам. Тарелканы сарыға бояңыз. Екі шетінен бізбен тесіңіз. Тесіктерден жіп өткізіп байлаңыз. Бұл сізде алқаның бауы болады.


4-қадам. Алқаға қиылған суреттерден қанатты арқар мен барыстарды желімдеңіз.

Білезік жасау
5-қадам. Қағаз стаканның түбі мен бас жағын қиып алып тастаңыз. Стаканды тігінен қиыңыз. Және 3-4 см ұзындықта өлшем төртбұрыш қиып алып тастаңыз.


6-қадам. Стаканды сарыға бояңыз. Екі шетінен бізбен тесіңіз. Тесіктерден жіп өткізіп байлаңыз. Бұл сізде білезіктің бауы болады.



7-қадам. Білезікке бұғының суретін желімдеңіз.

Жүзік жасау
8-қадам. Синель сымын дөңгелете ораңыз. Сымның кішкене бөлігін қалдырып саусағыңыздың ұзындығын өлшеп, сымның ұштарын орап бекітіңіз.


9-қадам. Жүзіктің беті бейнеленген суретті жүзікке екіжақты жабысқақ таспамен жабыстырыңыз.

Дайын!
Сақтардың оюларымен әрленген әшекей бұйымдар дайын.

Қорытынды
Бұл жоба арқылы оқушылар сақтардың өмір салты мен мәдениетін тереңірек түсініп, тарихи деректерге сүйене отырып, олардың зергерлік өнерімен танысады. Өз қолымен сақ бұйымдарын жасап көру — оқушылардың шығармашылығын арттырып, өткенді сезінуге мүмкіндік береді. Жобаның нәтижесінде оқушылар тарихи деректермен жұмыс істеуді үйренеді және қол еңбегіне машықтанады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
