Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

1.4.2.2 Ғарышты зерттеуге арналған құралдар мен ұшу аппараттарын сипаттау.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.

Шоқжұлдыздардың қарапайым суреттерін басып шығарып немесе тақтада көрсетіп қойыңыз. Шоқжұлдыз

Оқушыларға телескоп және оның астрономиядағы рөлі туралы қысқаша әңгімелеп беріңіз.

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Телескоп – алыста тұрған жұлдыздарды, Айды, Күнді және басқа ғарыш денелерін көруге көмектесетін құрал. Алғашқы телескопты 400 жыл бұрын ғалым Галилей жасап, оны аспанды бақылауға қолданған.

Телескоп жарықты жинап, затты үлкен етіп көрсетеді. Қазір телескоптармен тіпті басқа планеталарды, ғарыштағы тұмандықтарды көруге болады. Кейбір телескоптар Жерде орнатылса, басқалары ғарышқа жіберілген.

Ғалымдар ғарышты зерттеу үшін әртүрлі құралдар қолданады:

  • Телескоп — жұлдыздарды бақылайды
  • Зымыран (ракета) — ғарышқа құрылғылар мен адамдарды ұшырады
  • Жерсерік (спутник) — ауа райын, Жер мен ғарыштағы өзгерістерді бақылайды
  • Роботтар — басқа планеталарға барып, сурет түсіреді және мәлімет жібереді

Шоқжұлдыз – аспандағы жұлдыздардан құралған бейне. Ежелгі адамдар оларды аңға, адамға, затқа ұқсатып атаған. Мысалы:

  • Орион — аңшы бейнесі
  • Үлкен аю — «Жетіқарақшы» осы шоқжұлдызда
  • Андромеда — ханшайым бейнесіндегі шоқжұлдыз.

Шоқжұлдыздар аспанда жыл мезгіліне қарай көрініп тұрады. Бүгінде бүкіл әлемде 88 шоқжұлдыз бар деп есептеледі.

Тәжірибелік бөлім

1-қадам. Картон төлкенің сыртын қалауыңыз бойынша безендіріп, бояңыз. Мысалы, аспан мен бұлттар, гүлдер, жұлдыздар, т.б.

2-қадам. Ақ картонға радиусы 10 см шеңбер сызып, қиып алыңыз.

3-қадам. Қара картонға радиусы 8 см шеңбер сызып, қиып алыңыз.

4-қадам. Қара картонға айналдыра 6-7 шеңбер сызыңыз.

5-қадам.  Берілген суреттерден 6-7 түрін таңдап алып, кішкентай шеңберлердің ішіне салып шығыңыз. Оны үшкір затпен тесіңіз (біз, шпажка, циркульдің ұшы)

6-қадам.  Қара түсті қағазды ақ қағазға желімдеңіз. Ақ қағаздың шеттеріне бейнеленген жұлдыздардың атын жазып шығыңыз. 

7-қадам. Сары картон қағазға төлкені қойып шеңбер сызыңыз. Оның сыртына суреттегідей ұзындығы 9 см болатын үшбұрыш тәрізді пішін салыңыз. 

8-қадам. Ұшбұрышты қиып алыңыз. Ортасындағы шеңберді де қиып алып тастаңыз.

9-қадам. Оны төлкеге желімдеңіз. 

10-қадам. Кеңселік түсменің көмегімен төлке желімделген ұшбұрышты жұлдыздар картасына желімдеңіз.

Дайын!

Көзіңізді төлкеге жақындатып, төлкені айналдыра отырып шоқжұлдыздарға қарай аласыз. 

Қорытынды

Бұл жобаның нәтижесінде оқушылар өз қолдарымен телескоп жасап, шоқжұлдыздарды бақылауға мүмкіндік алды. Жоба балалардың астрономияға деген қызығушылығын арттырып, ғылыми ойлауын, кеңістіктік елестетуін және қол икемділігін дамытуға әсер етеді. Сондай-ақ олар ғарышқа қатысты құралдарды танып, ғылыми тілде сөйлеу дағдыларын дамытады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!