Сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: 

Магниттің көмегімен әртүрлі металдардың магниттелуін зерттеу

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабаққа дейін барлық қажетті құралдарды дайындап қойыңыз.

Тәжірибені демонстрациялық түрде өткізіңіз, балаларға тек бақылаушы рөл беріңіз.

Сабақты оқушыларға тәжірибеге қатысты қызықты сұрақтар қойып, қорытынды жасаңыз.

Нәтижені оқушылармен талқылап, ғылыми түсіндірме беріңіз.

Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз. 

Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Теориялық бөлім 

Магнит — кейбір металл заттарды өзіне тартатын ерекше қасиеті бар дене. Магниттің айналасында көзге көрінбейтін магнит өрісі болады. Бұл өріс белгілі бір қашықтықта тұрған заттарға әсер етеді.

Магнитке тартылатын заттар — темір, болат, никель, кобальт сияқты металдар. Бұл металдардың ішкі құрылымында магниттік қасиеттерге жауап беретін бөлшектер (электрондар) бір бағытта орналасып, оларды магнитке тартылуға бейім етеді.

Магнитке тартылмайтын заттар — ағаш, пластик, шыны, резеңке, алюминий, мыс, қағаз сияқты материалдар. Бұл заттардың ішінде магнит өрісіне жауап беретін бөлшектер жоқ, сондықтан олар магнитке тартылмайды.

Тәжірибелік бөлім

Қадам 1. 3 қағаз қыстырғышты жіпке байлап, сол жіпті таяқшаға байлаңыз. 

Қадам 2. Таяқшаны көтеріңіз, қыстырғыштар жіпке ілініп салбырап тұрады. Қыстырғыштар қай бағытқа қарап тұр? Егер таяқшаны қисайтсақ не болады?

Қадам 3. Қыстырғыш ілінген таяқшаны алып үстелге жабысқақ таспамен бекітіңіз.

Қадам 4. Металл сызғышқа үш магнитті орналастырыңыз. (Егер сызғыш ағаштан болса, магниттерді үстіне скотчпен жабыстырыңыз.)

Қадам 5. Сызғышты екі бөтелке, кітап немесе басқа заттың үстіне қойып, аспалы етіп орналастырыңыз. Магниттер төмен қарасын.

Қадам 6. Қыстырғыштарды магнитке жақындатыңыз. Олар магнитке жабысатынын көресіз. Оқушылармен неге бұлай болғанын талқылаңыз.

Қадам 7. Магнит жабысқан сызғышты көтеріңіз. Қыстырғыштардың үстел үстіне құлағанын көресіз. 

Қадам 8. Сызғышты қайта бөтелкелердің үстіне қойып, қыстырғыштарды жақындатыңыз. Барлық қыстырғыштар магнитке жабысып, ауада ілініп тұрады. 

Қадам 9. Жіптің басынан қыстырғыштарды алып, орнына тіс шұқығыштарды байлаңыз. 

Қадам 10. Тіс шұқығыштарды магнитке жақындатып жабыстырып көріңіз. Жабысады ма? Оқушылармен неге бұлай болғанын талқылаңыз. 

Қорытынды

Оқушылар бұл жоба арқылы заттардың магнитке тартыла алатын немесе тартылмайтынын анықтай алды. Олар магнитке тек кейбір металдар ғана тартылатынын түсінді. Жоба барысында балалар материалдарды жіктеуді үйреніп, магниттің әрекетін бақылады. Ғылыми бақылау жасау, себеп-салдар байланысын анықтау және қорытынды жасау дағдыларын дамытты.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:

– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы  Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!

– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!