Сабақ
Жобаның мақсаты:
Жердің өз осінен айналу салдарын түсіндіру
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақты Жердің тәуліктік айналысы туралы әңгімеден бастаңыз.
Жобаны орындау үшін әр топта 4-5 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері туралы қысқаша нұсқаулық өткізіңіз.
Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни тұрғыдан ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Теориялық бөлім
Жер — Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар. Ол бір мезгілде екі түрлі қозғалыс жасайды:
- Өз осінен айналу — шамамен 24 сағатта бір рет.
- Күнді айнала қозғалу — шамамен 365 күнде бір рет.
Бұл жобада біз Жердің өз осінен айналуын зерттейміз.

Жердің өз осінен айналуы
Жер өзінің ойдан шығарылған сызығы — ось төңірегінде айналады. Ось солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы өтеді. Жер батыстан шығысқа қарай айналады, сондықтан біз Күннің шығыстан шығып, батысқа бататынын көреміз.
Айналудың маңызы:
- Күн мен түннің ауысуы. Жердің Күнге қараған беті жарықтанып, күндіз болады. Ал қарама-қарсы бетінде түн түседі.
- Тәуліктің пайда болуы. Жердің бір толық айналуы — 24 сағатқа тең. Бұл уақыт бір тәулікті құрайды.
- Уақыт белдеулері. Әлемнің әр аймағында күн мен түн әр түрлі уақытта басталады, сондықтан Жер әр түрлі уақыт белдеулеріне бөлінген.
Тәжірибелік бөлім
1-қадам. Ақ картонға жер планетасының суретін сілтеме арқылы өтіп шығарып, қиып алыңыз. Сілтеме.
2-қадам. Жер суреттерін ортасынан бүктеп, бір-біріне желімдеңіз. Осылайша кішкентай глобус жасайсыз.

3-қадам. Тұрақты ток қозғалтқышының қасында сым кіргізуге арналған кішкентай екі тесік бар. Сол тесіктерге сымдардың ұшын абайлап кіргізіп, изолентамен бекітіп қойыңыз.

4-қадам. Гофра картонның ортасын бізбен тесіңіз. Қозғалтқыштың түбі тесікке келтіріп, ұшы жоғары қарап тұратындай етіп гофра картонға жабыстырыңыз.


5-қадам. Қара қатты қағаздың ортасына қозғалтқыш жабысқан картонды желімдеңіз.

6-қадам. Сымдардың ұштарын қағаздың үстіне қойып, мыс лентамен жабыстырыңыз ( мыс лентаны фольгамен алмастырсаңыз болады). Лента түзу сызық сияқты көрінуі керек.

7-қадам. Бір түзуден екінші түзуге қарай мыс лентамен тағы көлденең түзу жүрзіңіз. Лентаның ұш жағын қағазға жабыстармай қайтарып өзіне жабыстырыңыз.

8-қадам. Бос тұрған лентаның үстіне батареяны қойыңыз.

9-қадам. Қозғалтқыштың ұшына жасаған глобусты кигізіңіз.

Дайын!
Батареяның үстін лентамен бассаңыз қозғалтқыш іске қосылып, глобус айналады. Бұл процесс Жердің өз осімен айналуын сипаттайды.

Қорытынды
Бұл тәжірибе арқылы оқушылар Жердің өз осінен айналуының нақты моделін көреді. Олар күн мен түннің ауысуы осы айналымға байланысты екенін түсінеді. Жоба соңында оқушылар:
- Жердің айналу бағытын;
- Тәуліктің пайда болу себебін;
- Эксперименттік модельдің табиғи құбылысты қалай бейнелейтінін ұғынады.

Бұл жобада әр оқушыға бірнеше санат бойынша STEAM атағы беріледі:
– Осы модельді құрастыра отырып, сіз шынайы Ғылым шебері болдыңыз! Сіз сағаттың қалай жұмыс жасайтынын білдіңіз. Бұл нағыз ғылыми ойлау!
– Мына керемет сағатқа қараңызшы! Сіз өзіңіздің құрылыс дағдыларыңызды және мәселелерді шешу дағдыларын жұмыс үлгісін жасау үшін пайдаландыңыз. Құттықтаймыз, сіз – Сарапшы – инженерсіз!
