Қиялымдағы үй

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және үйдің құрылымы мен дизайнын жасау арқылы қоршаған орта туралы түсінігін кеңейту.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Шығармашылық және қол моторикасы: түрлі түсті қағаздар мен ермексаздармен жұмыс, ұсақ бөлшектерді желімдеу.
  • Логикалық ойлау: құрылым жасау, түстерді үйлестіру, элементтерді дұрыс орналастыру.
  • Коммуникация: жоба барысында топтық жұмыс немесе тәрбиешінің басшылығымен талқылау.

Құндылықтар:

  • Ұқыптылық: тапсырманы мұқият орындау.
  • Шығармашылық: Балалардың өз идеяларын еркін білдіруі және ерекше дизайн жасау арқылы қиялын дамыту.
  • Табандылық: Тапсырманы орындау барысында кездесетін қиындықтарды жеңе білу және жұмысқа толық беріліп, соңына дейін аяқтау.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балалардан сұраңыз: «Бұл үйді кім тұруға арналған деп ойлайды?», «Үйді безендіргенде нені қосуға болады?», «Егер біздің үйіміз шарлармен ұшса, қайда ұшып барғыңыз келеді?»
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері 

Практикалық бөлім:

Қадам 1. Қара қатты қағаздың төменгі бөлігіне екі екіжақты таспа желімдеңіз. Олардың ұзындығы 6,5 см, ал арасы 5,5 см болсын. 

Қадам 2. Таспаның бетіне мақта таяқшаларын көлденеңінен орналастырып шығыңыз.

Қадам 3. Түрлі түсті қағаздардан үйдің шатырын, есігін және терезесін жасап желімдеңіз.

Қадам 4. Түрлі түсті жұмсақ ермексаздардан кішкентай дөңгелектер жасаңыз. 

Қадам 5. Қара қатты қағаздың жоғарғы бөлігіне сұйық желімді шеңбер құра отырып жағыңыз. 

Қадам 6. Желімнің үсітне ермексаздардан жасалған дөңгелектерді орналастырыңыз.

Қадам 7. Шарлар мен үйдің ортасын түзеткіш қаламмен түзу сызықтар арқылы байланыстырыңыз. 

Қадам 8. Ақ қағаздан бірнеше бұлт жасап қиып алыңыз. Оны үйдің айналасына желімдеңіз. Үйіміз дайын.

Қорытынды:

Бұл жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойлауын және ұсақ моторикасын дамытады. Балалар үйдің құрылымын ойлап табуға және оны өз идеяларымен безендіруге мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға қолайлы, түсінікті орта жасап, шығармашылықты ынталандырады.