Құмда сурет салайық

Тәрбиешіге нұсқаулық

– Балаларды топқа бөліңіз;
– Картон қағаздардан қорап жасаңыздар;
– Кейін осы қораптың бетінде құммен сурет салыңыздар.

Жоба мақсаты

– Жарық қорабын жасап шығармашылықпен айналысу;
– Сол арқылы түрлі денелердің жарық өткізу қабілетін зерттеу.

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

Күн сайын біз әртүрлі заттардың жарықты әртүрлі жолмен өткізетінін байқаймыз. Мысалы, бір стақан су және бір стақан кола. Олардың қайсысы жарық өткізеді, қайсысы өткізбейді?
Мөлдір заттар жарықты өткізеді, ал мөлдір емес заттар өткізбейді. Кейбір заттар жарықты нашар өткізуі мүмкін. Мұндай объектілер жартылай мөлдір деп аталады. Егер сіз оларарқылы қарап көрсеңіз, заттар анық көрінбейді.

<a href=’</a>
<a href=’https://www.freepik.com/photos/lemon-water’>Lemon water photo created by azerbaijan_stockers – www.freepik.com</a>

Айналадағы кеңістікті көру қажет болған кезде, шыны, полиэтилен, кристал сияқты мөлдір материалдар пайдаланылады. Кеңістіктің көрінуін шектеу үшін мөлдір емес материалдар қажет. Мысалы, кірпіш қабырғалар, ағаш және металл есіктер.


Практикалық бөлім

Қадам 1. Шамамен осы өлшемдерге сәйкес картон қағаздарын дайындаңыз. Бірінде суреттегідей ортасын ашық етіп қиып алыңыз.

Қадам 2. Қорап шығатындай бөліктерді жабысқақ таспамен және желіммен байланыстырыңыз.

Короб
play-rounded-fill

Короб

Қадам 3. Кеңселік файлды жайып, жоғарғы жағынан, жабыңыз. Берік болу үшін айналдыра жабысқақ таспамен бекітіңіз.

Біздің қорап дайын. Енді әртүрлі заттардың жарықты қалай өткізетінін көреміз. Ол үшін жарық қорапшамызды жасауды жалғастырайық.

Қадам 4. Пленканың үстіне жарма немесе құм себіңіз.

Қадам 5. Телефоннан фонарьды қосып, оны тесік арқылы қораптың ішіне салыңыз.

Дайын, сіз құмға сурет сала аласыз. Көріп отырғаныңыздай, мөлдір пленка жарықты толығымен өткізеді, ал құмның тығыз жинақталған жерлерінде жарық өтпейді. Сондықтан біз құммен және жарықпен осындай әдемі суреттер жасай аламыз.

Қорытынды

Бұл жобада балалар жарықтың әртүрлі заттар арқылы әртүрлі жолмен өтетінін көрді. Мұны көру үшін және сонымен бірге сабақты қызықты өткізу үшін олар жарық қорапшасын жасады.