Өз қолыңмен жұлдызқұрт жасап көр
Тәрбиешіге нұсқаулық
– Жеке жұмыс, әр бала жеке жұмыс жасайды.
– Қайшы, терможелім, таяқшалармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын тәрбиешіге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқама жүргізу кеңес беріледі. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Өсімдіктер мен жануарлар біртұтас тірі табиғаттың бөліктері. Олардың көптеген айырмашылықтары бар, бірақ осы сабақта біз олардың біреуі туралы сөйлесетін боламыз. Ең бастысы айырмашылықтарының бірі – қоректену түрі. Өсімдіктер топырақтан алынған заттармен қоректенеді және күн энергиясын қолдана отырып, олардың өсуі үшін қоректік заттарды өздігінен синтездей алады. Яғни, олар өздері де оттегін жасайды, содан кейін онымен дем алады. Ал жануарлар үшін өсімдіктер азық-түлік базасы болып табылады. Жануарлар да оттегімен дем алады, яғни жануарлар көбіне өсімдіктерге тәуелді. Мысал ретінде бүгін біз жұлдызқұрт пен оның тағамы туралы көбірек білетін боламыз.

Фото: David McEachan: https://www.pexels.com/ru-ru/photo/5265484/
Жұлдызқұрт – көбелектің негізі. Ол жұмыртқадан дамиды. Денесі бас бөлімінен және бірнеше кеуде және құрсақ сақиналарынан тұрады. Көптеген құрттардың денесі түктермен, қылшықтармен жабылған. Жұлдызқұрттың төменгі ернінде, ауамен байланысқан кезде, жібек талшығын құрайтын, сұйықтық шығаратын, без орналасқан.
Жұлдызқұрттар оны піллә салу, қорғаныс торын жасау, жапырақтарды бекіту және т. б. үшін пайдаланады.
Жұлдызқұрттар даму барысында, қарқынды тамақтанып, қуыршақтарға айналады. Көбісі жапырақтармен, гүлдермен қоректенеді. Жұлдызқұрттар негізінен ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының, бау-бақша мен егіншіліктің зиянкестеріне жатады. Бірақ бақша құмырсқаларының құрттарын жоятын және адамдарға баға жетпес көмек көрсететін жыртқыш түрлері де бар. Сонымен қатар тұт, емен, т.б. жібек көбелектерінің жұлдызқұртының пілләсінен жібек талшықтары алынады. Одан жібек матасын жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:
“Қазақ Энциклопедиясы”
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
Практикалық бөлім
Қадам 1. Алдымен картон қағазды алып, жапырақтың суретін салып қиып аламыз.

Қадам 2. Картоннан ұзын етіп тіктөртбұрыш қиып алып таяқшаны айналдыра дөңгелектейміз.


Қадам 3. Дөңгелекті желіммен бекітеміз, сонан соң жапыраққа жабыстырамыз. Желіммен жұмысты тәрбиеші қадағалауы қажет.

Қадам 4. Шашқа арналған резеңкені қиямыз.

Қадам 5. Жұлдызқұрттың басын жасау үшін резеңкеден кішкене бөлікті кесіп алыңыз.

Қадам 6. Таяқшамыздың басына резеңкенің бір басын желіммен бекітеміз.

Қадам 7. Таяқшаны жапырақтағы түтік арқылы өткізіп, резеңкенің екінші ұшын жапырақшадағы түтікке желіммен бекітеміз.

Қадам 8. Алдын дайындаған жұлдызқұрттың басын резеңкенің жоғарғы жағына жабыстырамыз. Құртқа арналған көзді қағаздан кесіп, басына желімдейміз.

Қадам 9. Қайшының көмегімен жапырақты жұлдызқұрт жеп кеткенге ұқсас етіп, жапырақтан бірнеше кішкентай бөлік киып алыңыз. Сіз Жұлдызқұртты қалауыңыз бойынша безендіре аласыз.

Жұлдызқұртымыз дайын! Таяқшаны алдыға артқа қозғалтып көріңіз.
Жұлдызқұрт денесі қандай?
Жұлдызқұрт немен қоректенеді?
Жұлдызқұрт адамдарға зиян келіреді ма әлде пайдасы да бар ма?
