Аудан. Ауданның өлшем бірлігі
Area Model Introduction by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Мақсаты:
- Аудан ұғымымен танысу;
- Ауданның өлшем бірлігімен танысу;
- Аудан есептеу формуласын үйрену.
Бұл виртуалды жұмыс математика сабағында келесі тақырыптары бойынша пайдалануға арналған:
- 3 сынып. “Аудан. Ауданның өлшем бірлігі”
Теориялық бөлім
Аудан — бұл жазық фигураның қаншалықты үлкен екендігінің өлшемі. Қарапайым тілмен айтқанда, ол жазықтықта қанша орын алатынын білдіреді.
Ауданды қалай өлшеуге болады?
Ауданды өлшеу үшін біз аудан бірліктері деп аталатын арнайы өлшем бірліктерін қолданамыз. Ауданның ең көп таралған бірліктері шаршы сантиметр (см2) және шаршы метр (м2).
Шаршы сантиметр (см2)- жағы 1 сантиметр болатын шаршының ауданы.
Шаршы метр (м2) — жағы 1 метр болатын шаршының ауданы.
Шаршы ауданы:
Шаршының ауданын табу үшін оның жағын екі рет көбейту керек.
Мысалы, егер шаршының жағы 4 см болса, онда оның ауданы болады: 4 см * 4 см = 16 см
Тіктөртбұрыштың ауданы:
Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін оның ұзындығын еніне көбейту керек.
Мысалы, егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 5 см, ал ені 3 см болса, онда оның ауданы болады: 5 см * 3 см = 15 см
Виртуалды эксперимент
“Аудан. Ауданның өлшем бірлігі” симуляторы оқушыларға төртбұрыштың ауданын тауып үйренуге көмектеседі. Экранда кестесі түрінде көбейту амалымен танысады. Сандармен манипуляция жасау арқылы көбейту нәтижелерін алады.
Жұмыс барысы:
1-қадам. Симуляцияны іске қосыңыз: сізге 2 түрлі режим беріледі: “Multiply” және “Partition”. Сіз бұл экспериментте “Partition” бөлімінде жұмыс жасайтын боласыз. “Partition” бөлімін ашыңыз.

2-қадам. Сізге жұмыс аймағында берілген:
- 10*10 өлшемде кесте (1);
- Өшіргіш (2);
- Есептеу тақтасы (3);
- Кестедегі торды жасыру батырмасы (4)
- Көбейгіш және көбейткіш сандар тақтасы (5);
- Көбейту нәтижесі тақтасы (6);
- Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттар (7);
- Бөлу сызығы: тігінен және көлденең (8);
- Кестесінің өлшемі: 10*10 және 12*12 (9);
- Қайта бастау батырмасы (10).

3-қадам. Кестеде 5*5 өлшемде шаршы берілген. Тігінен (2;3) бөлікке бөлінген. Көбейгіш және көбейткіш сандар тақтасы мен көбейту нәтижесі тақтасында деректер көрсетілген. Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттардан “a*b” батырмасын басыңыз. Шаршының бөліктерінде 5*2 және 5*3 өрнектері пайда болады.

4-қадам. Есептеу тақтасын ашыңыз. Мұнда шаршының ауданының есептеуі көрсетілген. Тігінен (2;3) бөлікке бөліну себебінен есептеулер экрандағыдай өрнектелген.

5-қадам. Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттардан “А” батырмасын басыңыз. Шаршының бөліктерінде 10 және 15 — 5*2 және 5*3 өрнектерінің мәндері пайда болады.

6-қадам. Бөліп тұрған бөлгішті шаршы бойымен оңға, солға жылжытып, деректегі өзгерістерді зерттеңіз.

7-қадам. Бөлу сызығын тігінен көлденеңге өзгертіңіз. Деректерді зерттеңіз. Бөлгішті жоғары, төмен жылжытып өзгерістерді бақылаңыз.

8-қадам. Шаршының жанында орналасқан жасыл батырманы тартып төртбұрыштың жаңа өлшемін құрыңыз. Жұмыс аймағындағы өзгерістерді зерттеңіз.

9-қадам. Кестедегі төртбұрыш туралы ақпараттарды, бөлу сызығын өзгертіп көріңіз.

10-қадам. Кестенің өлшемін 12*12 ауыстырсаңыз болады. Төртбұрыш өлшемдерін өзгертіп, аудандарын есептеңіз.

Қорытынды
Бұл виртуалды жұмыста оқушылар ауданға байланысты есептеулер жүргізді. Төртбұрыштың өлшемінің өзгеруі, бөліктерге бөлінуі тақырыпты тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
