Гидростатикалық қысым

Under Pressure by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Гидростатикалық қысым

10 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Гидростатикалық қысым неге тәуелді екенін анықтаңыз.

Практикалық бөлім

Виртуалды экспериментті бастау үшін бірінші терезені таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Биіктік

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Манометрді ыдыстың түбіне қойыңыз. Торды қосыңыз.

2-қадам. Ыдысқа суды жиектеріне жеткенше құйыңыз. Су деңгейінің жоғарылауымен қысым қалай өзгереді?

3-қадам. Ыдыс-аяқтан суды төгу үшін кранды ашыңыз. Су деңгейінің биіктігі төмендегенде қысым қалай өзгереді?

4-қадам. Қорытынды жасаңыз

2-бөлім. Тығыздық

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Сұйықтықтың тығыздығын арттырыңыз. Қысым қалай өзгереді?

2-қадам. Сұйықтықтың тығыздығын азайтыңыз. Қысым қалай өзгереді?

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.

3-бөлім. Гравитациялық үдеу

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Гравитациялық үдеуді арттырыңыз. Қысым қалай өзгереді?

2-қадам. Гравитациялық үдеуді азайтыңыз. Қысым қалай өзгереді?

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Гидростатикалық қысым сұйықтық деңгейінің биіктігіне, сұйықтықтың тығыздығына және ауырлық күшінің үдеуіне тура пропорционал.

Глоссарий

Pressure — Қысым

Ruler — Сызғыш

Grid — Тор

Atmosphere — Атмосфера 

Units — Өлшем бірліктері

Metric — СИ жүйесі

Atmospheres — Атмосфера өлшем бірлігі

English —  Ағылшын өлшем бірліктері

Fluid density — Сұйықтықтардың тығыздығы

Gravity — Еркін түсу үдеуі

Gasoline — Бензин

Water — Су

Honey — Бал

Mars — Марс

Earth — Жер

Jupiter — Юпитер