Диффузия
Diffusion by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)
Жоба тақырыбы: Диффузия
8 сынып
Жұмыс мақсаты:
- Диффузияның қарқындылығына не әсер ететінің анықтау.
Практикалық бөлім
Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Бөлшектердің саны
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Фотосуретте көрсетілгендей параметрлерді өзгертіңіз.

2-қадам. Бөлшектердің бірдей санын орнатыңыз. Қабырғаны алып тастап, толық диффузияға қанша уақыт кететінін көріңіз. Секундомерді пайдаланыңыз.

3-қадам. Бөлшектердің санын көбейтіңіз. Қабырғаны алып тастап, толық диффузияға қанша уақыт кететінін көріңіз. Секундомерді пайдаланыңыз. Алдыңғы нәтижелермен салыстырыңыз.

4-қадам. Қорытынды жасаңыз.
2-бөлім. Температура
Виртуалды эксперимент.
1-қадам. Бастапқы температураны арттырыңыз. Қабырғаны алып тастап, толық диффузияға қанша уақыт кететінін көріңіз. Секундомерді пайдаланыңыз. Алдыңғы нәтижелермен салыстырыңыз.

2-қадам. Бастапқы температураны төмендетіңіз. Қабырғаны алып тастап, толық диффузияға қанша уақыт кететінін көріңіз. Секундомерді пайдаланыңыз. Алдыңғы нәтижелермен салыстырыңыз.

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Диффузия жылдамдығы бастапқы температураға байланысты: температура неғұрлым жоғары болса, диффузия соғұрлым тез жүреді. Және бұл бөлшектердің санына байланысты: бөлшектер неғұрлым көп болса, диффузия соғұрлым баяу жүреді.
Глоссарий
Data — Деректер
Number of particles – Бөлшектердің саны
Mass (AMU) – Масса
Radius – Радиус
Initial temperature – Бастапқы температура
Remove divider – Қабырғаны алып тастаңыз
Reset divider – Қабырғаны қойыңыз
Center of mass – Масса центрі
Particle flow rate – Бөлшектердің ағынының жылдамдығы
Scale – Масштаб
Stopwatch – Секундомер
Normal – Қалыпты қарқын
Slow – Баяу қарқын
