Ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын зерттеу

pH Scale: Basics by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жобаның атауы: Ерітінділердің қышқылдық және сілтілік ортасын зерттеу 

Бұл виртуалды зертхана химия сабақтарында келесі тақырыптар бойынша пайдалануға арналған:

  • 7 сынып. «Химиялық реакциялар».

Мақсаттар:

  • Қышқылдықты / негізділікті анықтау: оқушылар әр түрлі күнделікті сұйықтықтарды зерттеп, олардың қышқыл немесе негіз екенін анықтайды.
  • рН ұғымын түсіну: симуляция оқушыларға ерітіндінің концентрациясы рН-ға қалай әсер ететінін білуге мүмкіндік береді.
  • Сұйылтудың әсері: оқушылар ерітінділерді сұйылтып, оларға су қосылған кезде рН қалай өзгеретінін бақылайды.

Тәжірибелік бөлім

video
play-rounded-fill

«pH scale: Basics» симуляциясы оқушыларға күнделікті сұйықтықтардың рН мәнін зерттеуге мүмкіндік береді. Олар ерітіндінің қышқыл немесе негіз екенін анықтай алады және сумен сұйылтудың рН-ға қалай әсер ететінін біле алады.

Қадам 1. Симуляцияны іске қосыңыз. Оң жақта ерітінділер құятын стақанды және сол жақта сенсоры бар рН шкаласын көресіз.

Қадам 2. Зерттеуге ерітіндіні таңдау үшін экранның жоғарғы жағындағы ашылмалы мәзірді пайдаланыңыз.

Қадам 3. Тамшуырдың көмегімен стақанға аздап ерітінді (мысалы, тауық сорпасы) қосыңыз. Содан кейін рН деңгейін көру үшін рН зондын ерітіндіге сүйреп әкеліңіз. Сіз тауық сорпасының қышқыл екенін көре аласыз.

Қадам 4. Краннан су қосу рН-ны қалай өзгертетінін қараңыз.

«Сұйылту — бұл су немесе басқа да еріткішті қосу арқылы сұйықтықтың концентрациясын төмендету»

Қадам 5. Қышқылдар мен негіздерді сұйылту ерітіндінің рН деңгейіне қалай әсер ететінін салыстырыңыз. Сіз рН екі жағдайда да 7 -ге (бейтарап) жақындағанын байқай аласыз.

Виртуалды тәжірибе

Қадам 6. Тізімнен зерттелетін сұйықтықты таңдаңыз. Тамшуыр арқылы стаканды сұйықтықпен жартылай (½ л) толтырыңыз.

Қадам 7. рН сенсорын стақанға орналастырыңыз. Заттың рН деңгейін және оның қышқыл, негіздік немесе бейтарап екенін төменде берілген кестеге жазыңыз.

Қадам 8. Су шүмегін басу арқылы стаканды толығымен (1 л) толтырыңыз. Енді сұйылтылғаннан кейінгі заттың рН деңгейін кестеге жазыңыз.

Қадам 9. Тізімде көрсетілген әрбір зат үшін 6 -дан 9 -ға дейінгі қадамдарды қайталап, кестені толтырыңыз.

Кесте 1

СұйықтықрН деңгейіҚышқыл/Негіз/БейтарапСұйылтқаннан кейінгі рН деңгейі
Аккумуляторлық қышқыл1.0қышқыл1.33
Қан
Тауық сорпасы
Кофе
Тазартқыш
Қолға арналған сабын
Сүт
Апельсин шырыны
Содалы су
Сілекей
Құсық

Қорытынды

«рН шкаласы: негіздері» симуляциясы оқушыларға жалпы заттардың рН, қышқылдық және негіздік ұғымдарын түсіну үшін интерактивті оқыту тәжірибесін ұсынады. Виртуалды тәжірибелерді орындау арқылы оқушылар сумен сұйылтудың қышқылдық және негіздік ерітінділердің рН деңгейіне қалай әсер ететінін бақылай алады.

Терминдер сөздігі

  • acidic — қышқылдық
  • basic — сілтілік
  • battery acid — аккумуляторлық қышқыл
  • blood — қан
  • chicken soup — тауық сорпасы
  • coffee — кофе
  • drain cleaner — тазартқыш
  • hand soap — қолға арналған сабын
  • milk — сүт
  • orange juice — апельсин шырыны
  • soda pop — содалы су
  • spit — сілекей
  • vomit — құсық