Заряд және массалық сандар

Build an Atom by PhET Interactive Simulations, University of Colorado Boulder, licensed under CC-BY-4.0 (https://phet.colorado.edu)

Жоба тақырыбы: Заряд және массалық сандар

9 сынып

Жұмыс мақсаты:

  • Заряд және массалық сандар не екенін анықтау.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Виртуалды экспериментті бастау үшін “Symbol” таңдаңыз.

Бұл виртуалды экспериментке арналған шағын нұсқаулық.

1-бөлім. Заряд саны

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Литий атомын құрастырыңыз. Оның 3 протоны, 4 нейтроны және 3 электроны бар. Атомдағы электрондар мен протондар саны бірдей, бірақ нейтрондар саны әртүрлі болуы мүмкін.

2-қадам. Протондар саны элемент белгісінің төменгі сол жақ бұрышындағы санға сәйкес келетініне назар аударыңыз. Бұл элементтің заряд саны (Z).

3-қадам. Заряд саны атом ядросындағы зарядтардың саны немесе протондар саны екенін ескеріңіз. Заряд саны периодтық жүйедегі атомдық нөмірге сәйкес келеді.

4-қадам. Қорытынды жасаңыз.

2-бөлім. Массалық сан

Виртуалды эксперимент.

1-қадам. Протондар мен нейтрондардың қосындысы элемент белгісінің сол жақ жоғарғы бұрышындағы санға сәйкес келетініне назар аударыңыз. Бұл элементтің массалық саны (А).

2-қадам. Элементтің массалық саны сол элементтің нуклондарының саны екенін ескеріңіз.

3-қадам. Қорытынды жасаңыз.

Қорытынды

Заряд саны — атом ядросындағы зарядтардың саны немесе протондар саны. Массалық сан – нуклондар саны немесе протондар мен нейтрондардың қосындысы.

Глоссарий

Element — Элемент

Net charge — Толық заряд

Mass number — Массалық сан 

Protons — Протондар

Neutrons — Нейтрондар

Electrons — Электрондар

Ion — Ион

Unstable — Тұрақсыз

Stable — Тұрақты

Model — Модель 

Orbits — Орбитальдық модель

Cloud — Бұлтты модель